Инфографика

Инфографика: Қазақстандағы білім беру жүйесі

09.09.2013 00:00

MediaNet халықаралық журналистика мектебінің құрамындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы кезекті сауалнама қорытындысын шығарды.  Сауалнама қорытындысы қазақстандықтардың үштен бір бөлігінен көбі мектепте дейінгі білім беру жүйесіне, орта білім беру жүйесіне және жоғары білім беру жүйесіне оң баға беретіндіктерін көрсетті.

Еліміздегі мектепке дейінгі білім беру жүйесіне баға беруде, сауалнамаға қатысушылардың 47%-ы балалар өте жақсы білім алады деп жауап берді. Көбіне бұл пікірді Шымкент (73%), Ақтау (71%), Орал (69%) және Петропавл (69%) қалаларының тұрғындары ұстанады.

Жауап берушілердің 30%-ы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне көңілдері толмайтындықтарын жеткізді.  Олардың ойынша, мектепке дейінгі білім беру жүйесі жаңа талаптарға сай келмейді. Балабақшалардың материалдық-техникалық жабдықталуы төменгі деңгейде, жалақы төмен, білікті мамандар және сапалы оқулықтар, нұсқаулықтар аз. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне көңілдері толмайтын тұрғындардың көбі Ақтөбе (35%), Алматы (30%) және Қарағанды (28%) қалаларынан кездесті.

Ал Қазақстандағы орта білім беру жүйесін бағалауда, сауалнамаға қатысушылардың 40% -ы оң баға берді. Ал, қазақстандықтардың 30%-ы орта білім беру жүйесі жаңа талаптарға сай келмейді. Мектептердің техникалық жабдықталуы төменгі деңгейде, жалақы төмен, білікті мамандар мен сауатты, сапалы оқулықтар аз деген пікірде екендіктері анықталды.

Алматы қаласы тұрғындарының 38%-ы орта білім беру жүйесіне көңілдері толады екен. 

Респонденттердің 15%-ы ұстаздар білім беру жүйесін дамытуға ат салысуда, алайда өзгеріс байқалмайды. Себебі, қазіргі оқушылар кітаптар мен оқулықтарды аз оқиды. Олар барлық уақыттарын интернетте өткізеді деп жауап берді. Ал 8%-ы мектеп түлектерінің өз мамандықтарын дұрыс таңдай алмауы болашақта еңбек нарығының дамуына кедергі келтіреді деген пікірде. Сауалнамаға қатысушылардың 5%-ы бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Жалпы алғанда, қазақстандықтардың 30%-ы жоғары білім беру жүйесін және ЖОО қызметін өте жақсы деп бағалайды. Бұл көрсеткіштерді анықтауда Орал (65%), Атырау (53%), Қызылорда (50%) и Талдықорған (50%) қалаларының тұрғындары басымдық танытты.

Жауап берушілердің 27%-ы жоғары білім беру жүйесі әлемдік деңгейеге сай келмейді. Ғылыми-лабораториялық базаның жабдықталуы төменгі деңгейде, жалақы төмен, білікті мамандар жетіспейді деген пікірді ұстанады. Жоғары білім беру жүйесіне көңілдері толмайтын тұрғындардың көп бөлігі Астана (36%) және Қостанай (36%) қалаларында байқалды.

Респонденттердің 13%-ы ЖОО мен еңбек нарығының арасында қарым-қатынас жолға қойылмаған, қазір жас мамандарға сұраныс төмен болғандықтан, көңілдері толмайтындықтарын жеткізді. Ал, 7%-ы ЖОО-да жағдай жаман емес, тек студентердің өз бетінше білім алуға құлшыныстары төмен дейді.

Сауалнамаға қатысушылардың 5%-ы оқытушылар білім беру жүйесін дамытуға ат салысуда. Алайда, қағазбастылықтың көптігі студенттермен шығармашылық жұмыстармен айналысуға кедергі келтіреді деп жауап берді. ЖОО-да жемқорлық деңгейі өте жоғары деген жауапты 4% жауап берушілер таңдады. Сауалнамаға қатысушылардың 10%-ы бұл сұраққа жауап бере алмады.

2013 жылдың наурыз айында бұрынғы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алдағы 2 жылда еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 100-ге қысқаратынын мәлімдеді. DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы бұл шешімге қазақстан халқы қандай көзқараста екенін анықтады. Сауалнама қорытындысы, 59% тұрғындардың бұл шешімді қолдайтындарын көрсетті. Олар көптеген ЖОО студентерге сапалы білім беріп жатқан жоқ деген пікірде екен.

Бұл шешімді қолдайтын халықтың көбі Шымкент (75%), Тараз (71%) және Қызылорда (69%) қалаларының тұрғындары.

Респонденттердің 30%-ы ЖОО-ң санын қысқартуды шенеуніктер емес, білім нарығы реттеуі керек деген пікірді ескере отырып, министрліктің бұл шешімімен келіспейді. Ал, сауалнамаға қатысушылардың 12%-а бұл өзгерістер ешқандай әсер етпейді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан барлығы 2100 адам қатысты.

Серіктестер