Инфографика

Инфографика: «2022 жылы Алматыда Қысқы Олимпиада ойындарының өтуі»

21.07.2014 12:20

MediaNet  Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «2022  жылы Алматыда Қысқы Олимпиада ойындарының өтуі»  тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 1600 адам қатысты.

Сұрақтарға 16 жастан жоғары 67% әйелдер мен 33% ер азаматтар жауап берді. Сауалнама 12-15 шілде аралығында жүргізілді.

Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама.

Сауалнама мәліметтерін demos.kz гиперсілтесін көрсету арқылы қолдануға рұқсат етіледі.

 

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73%-ы Алматы 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қала екенінен хабардар. Ал қалған 27%-ы бұл жайлы мүлде естімеген.

 

Респонденттердің 79%-ы 2022 жылы Алматыда Олимпиада өткізу идеясын қолдайды. 10%-ы қарсы, ал 11%-ы «қолдаймын» немесе «қолдамаймын» деген нақты жауапқа дайын емес.

Алматыда Қысқы Олимпиада ойындарын өткізудің жағымды жақтары қандай деген сұраққа респонденттердің үштен бір бөлігі (34%) еліміздің атын әлемге әйгілі етеді деп жауап берді. 16%-ы балалар мен жасөспірімдер спорты дамиды, спорттық-материалдық база жақсарады, 8%-ы салауатты өмір салтын насихаттайды деген жауаптарды таңдады. 8%-ы Олимпиада ойындарын өткізуге дайындық кезінде Алматы қаласына шет елдік инвесторлар көптеп тартылады дейді.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 13%-ы Алматы қаласының инфрақұрылымы жақсарады, жаңа жұмыс орындары ашылады, қала дамуы қарқынды жүре бастайды деген жауаптарды таңдады. 4%-ы Олимпиада ойындары кезінде жастардың қоғамдық белсенділігі арта түсіп, Қазақстанда еріктілер (волонтерлер) қозғалысы дамиды деп сенеді.

Респонденттердің 4%-ы Олимпиадаға дайындық барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдардың өміріне қолайлы жағдайлар жасалады. Мәселен ыңғайлы пандустер, жер бетіндегі лифтілер салынады деп есептейді. Ал, сауалнамаға қатысқан 12% Қазақстан азаматтары үшін Алматыда Олимпиада ойындарын өткізудің ешқандай пайдасы жоқ.

Халықтан Алматы қаласында Қысқы Олимпиада ойындарын өткізудің қандай тиімсіз жақтары бар екенін сұрағанымызда, 23%-ы іс-шараны өткізуге жұмсалған бюжеттік қаражаттың орны толмайды, өзін ақтамайды деген жауапты таңдады. 9%-ы өте қымбат спорттық объектілер болашақта қолданылмауы мүмкін, 9%-ы жемқорлыққа жол беріледі деген жауаптарды таңдады. 12%-ы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары қымбаттауы мүмкін, 5%-ы қалада көлік қозғалысы қиындайды, 8%-ы билік өкілдерінің назары өзге де маңызды мәселелерден Олимпиадаға ауысады дейді. Еңбек мигранттарының қатары көбейеді деген жауапты таңдаушылар небәрі - 3%. Ал, қалған 32%  респонденттер Алматыда Қысқы Олимпиада ойындарын өткізудің жағымсыз жақтары жоқ дейді.

Алматы 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қала ретінде таңдалса, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 44%-ы тек теледидардан тамашалайды. 15%-ы іс-шараның ашылу және жабылу салтанатына қатысқылары келеді.

12%-ы жарыстардың белсенді көрермені және жанкүйері болса, 3%-ы Олимпиада ойындары өтетін объектілерде жұмыс істегілері келеді. Сондай-ақ, 14%-ы дайындық жұмыстарына, Олимпиаданың өтуіне мүлде қатыспаймын дейді. Ал 9%-ы әзірге жоспарларламаған. 

Серіктестер