Инфографика

Инфографика: Қазақстандықтар телеарналарға сенім білдіреді, mail.ru-ды Интернеттегі негізгі ақпарат көзі ретінде пайдаланады

12.07.2012 00:00

MediaNet халықаралық журналистика орталығының жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы халық арасында келесі үш тақырып бойынша кезекті сауалнамасын өткізді.

Сұрақтардың негізгі бөлігі халық сенім білдіретін негізгі ақпарат көзіне қатысты болды. Сауалнама нәтижесі қазақстандықтардың басым көпшілігінің телеарналар (35%) және 2-3 ақпарат көзін қатар (негізінен ТВ және Интернет) пайдалану (36,9%) арқылы ақпарат алатынын көрсетті. Респонденттердің 24,4%-ы басты ақпарат көзі ретінде Интернетті атады. Ел азаматтарының тек 3,7%-ы ғана газеттер мен журналдарды басты ақпарат алу құралы ретінде тұтынады. 

Серіктестер