Инфографика

Инфографика: Құқыққорғау органдарына деген сенім

12.07.2017 16:10

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Құқыққорғау органдарына деген сенім» тақырыбында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1829 адам қатысты. Әйелдер – 70%, ер азаматтар – 30%. Іріктеу ықтималдығы 90%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 1,33%-дан аспайды.

Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама. Сауалнама 2017 жылы маусым айының екінші жартысы мен шілденің басында жүргізілді.

Серіктестер