Қазақстандықтар «Храпуновтар ісін» біржақты қабылдамайды және олардың жемқорлық мәселесіне қатысты көзқарастары да әртүрлі.
MediaNet халықаралық журналистика орталығының жанынан құрылған Demoscope қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы ерлі-зайыпты Храпуновтарға қатысты атышулы іс туралы халықтың пікірін білу мақсатында кезекті сауалнамасын өткізді. Телефон және Интернет арқылы жүргізілген сауалнама Қазақстанның ірі қалаларында тұратын 2091 адамды қамтыды.