Баспасөз баяндары

Қазақстандықтардың шамамен төрттен бірі интернетті кәсіптік деңгейін көтеру үшін қолданады

20.05.2013 00:00

MediaNet Халықаралық  журналистика орталығының DEMOSCOPE қоғамдық пікірге  экспресс- мониторинг жүргізу бюросы  тұрғындар арасындағы кезекті сауалнамасын жүргізді.

Сауалнамаға жасы 16-дан асқан респонденеттер қатысты.

Сұраққа жауап берушілердің денінің (44%) жасы - 20-дан  40 жасқа дейінгі сегментте.

Жүргізілген сауалнама нәтижесі қазақстандықтардың 30%-ы интернетті мүлдем қолданбайтындығын көрсетті. Бұл категориядағы сауалға жауап берушілер интернетті пайдаланбау себебін оған деген қажеттіліктің жоқ екендігін (44%) атаған. 17%-дан көбі интернеттің қымбат болғандығы үшін қолданбайтындықтарын айтса, 22%-ы Желіге техникалық тұрғыдан қосылу мүмкіндігі жоқ екендігін көрсеткен.

Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі (23%)  интернетті күніне  3 сағаттан артық қолданбайды.  Респонденттердің 16%-ы желіні күнделікті 5-6 сағат немесе одан да көп уақыт  пайдаланады. Бәрінен бұрын,   алматылықтардың бұл пункт бойынша көрсеткіші 21%-ды құрады. Астана қаласының интернет- қолданушылары екінші орында (15%).  Ең аз көрсеткішті Тараз қаласының тұрғындары көрсетті(1.7%).

Тек  қатысушылардың жарты пайызы ғана Интернеттің мүмкіндіктерін он-лайн сатып алулар мен сатылымдар үшін қолданады екен. Бұл мақсаттағы алматылықтардың үлесі 25%-ы болса, жаһандық Желінің   мұндай қызметін пайдаланудағы  аймақтардағы респонденттердің көрсеткіші  болар-болмас.

Қазақстандықтардың көбі Интернетті достарымен және туыстарымен байланыс, коммуникация үшін (35,5%) қолданса, сонымен қатар білім алу, кәсіптің деңгейін көтеру мақсатында  да (24%)  қолданады екен.

Респонденттердің тек 13%-ы ғана ғаламторды көңіл көтеру үшін пайдаланатындықтарын айтып,  қалыптасқан стереотиптерге  қарама қарсы жауап берді. Бәрінен де бұл мақсатта Ғаламторды алматылықтар (25%) мен астаналықтар (14%) тиісінше қолданатын көрінеді.

Сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 36%-ының еліміздегі интернет саласының жағдайына көңілі толады.  Сонымен қатар  респонденттердің 27%-ы интернеттің төмен жылдамдығына шағымданса, 18%-ының қымбат бағаға, 11%-ының қызмет көрсету сапасының нашарлығына көңілі толмайды.

 Сауалнамаға қатысушылардың 5%-ы қазақтстандық интернеттің бәсекеге   қабілетсіздігін кемшілік ретінде көрсеткен. Көбіне контентке Алматы (45,5%), Талдықорған (18,2%) және Астана (13,6%) қаласының тұрғындарының қарны ашады.

Сауалнамаға жауап берушлердің 22%-ы интернетті белсенді қолданған жағдайда,  интернетке тәуелділікті   басты қауіптердің бірі  деп есептейді.  Аталған қауіп-қатерлердің ішінде айрықша қауіпті деп танылғандар компьютерлік вирустар (20%)  және кәмелеттік жасқа толмағандарға қауіпті және зиянды ақпараттың қолжетімділігі, мәселен, порнография, зорлық насихаттары (11%).

Сауалнамаға  Астана, Алматы қалаларынан және Қазақстанның басқа да 14облыстық орталықтарынан, барлығы 2200-ге жуық адам қатысты.

 

Жоба туралы:

DEMOSCOPE классикалық мағынада әлеуметтік институттар қатарына жатпайды және әлеуметтік портреттер мен күрделі коннатациялардың интерпретацияларына талапкер емес. Жобаның мақсаты -  қоғамның белгілі бір немесе өзге де сұрақтарға   көзқарасын, пікірін экспресс-режимде анықтау.

DEMOSCOPE Қазақстандағы актуальді тақырыптарға оперативті түрде азаматтардың пікірн анықтайды және үнемі телефон, ғаламтор арқылы (Қазақстан Республикасының халық  көп деп есептелетін пунктілерді қамтиды) амплитудасы 7-15 күн аралығында  сұралатын  сауалнама  түрінде жүргізіледі.

Сауалнама тақырыптары БАҚ  пен әлеуметтік желілеріндегі  мониторинг негізінен құралады. demos.kz  сайтында барлық қолданушыларға сауал тақырыптарын ұсынуға мүмкіндік бар.

DEMOSCOPE пікірлерді білу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар азаматтардың басты сауалдар мен маңызды проблемалар жөнінде өз ойын айтуға ең оңай, пайдалы құрал ретінде ұйымдастырылған.

Сауалдар нәтижесі қорытынды релиз және инфографика ретінде demos.kz сайтында жарияланып, сонымен қатар БАҚ редакцияларына сауалнама жүргізіліп болғаннан кейін  1-2 күнде жіберіледі.

Демеуші:  Конрад Аденауэр атындағы қор

 

 

 

Серіктестер