Баспасөз баяндары

Қазақстандықтардың үштен бірі (33%) осы жазда қазақстандық шипажайларда демалуды жоспарлап отыр

20.06.2013 00:00

Бұл көрсеткіштер MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жанындағы DEMOSCOPE (www.demos.kz) қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы дайындаған кезекті сауалнама нәтижесінен алынып отыр.

2012 жылғы ұқсас зерттеулер нәтижесіне қарағанда, ішкі туризмді қанағат тұтатын қазақстандықтар саны 14%-ға азайған.

Сауалнаманың мақсаты қазақстандықтардың жазғы демалыстағы жоспарларын білу болды.

Сауалнамаға жауап берушілердің 45%-ы осы жазда ешқайда демалысқа баруды жоспарламаған. Сонымен қатар, олардың жартысына жуығы жұмысы тым көп екендігін айтса, 39%-ы қаражаттың жетпейтіндігін басты мәселе етіп көрсетеді.

Қалғандарының дені мына бағыттар бойынша демалуды көздеп отыр: Түркия-5,6%, Ыстықкөл– 3,2%. 2012 жылы бұл елдердің ыстық жағалауларын 6,9% және 7% лайық деп есептеген еді. Сонымен қатар, туристердің 0,2%-ы бұл елдердегі саяси тұрақсыз жайт қорқытатындығын жеткізді. Еуропадағы шипажайларда жайбарақат демалғысы келетінердің қатары өткен жылғымен салыстырғанда өзгермеген. Олардың саны-3%-ды құрайды.

Көптеген отбасылы қазақстандықтар үшін жазғы саяхат – балаларына демалыс ұйымдастырып берудегі айқындаушы фактор. Олардың төрттен бірі демалысқа балаларымен барады.

Ал қазақстандықтардың 40%-ы  демалысқа балаларын жеке өздерін жібергілері келмесе, 4%-ы мұны өте қауіпті деп есептейді.

Респонденттердің 5%-ы ғана кезіндегі «пионерлік» және танымал болған, ал қазір заманауи балаларға арналған лагерлерге сенім артады. Дәл осындай көрсеткішпен балалар мектепішілік лагерлерде жазғы демалыстың бір бөлшегін өткізеді.

Ата-аналардың 12%-ы балаларын қанағаттанарлықтай оқымағаны үшін жаза ретінде және болашақта ұрпақтары білімін күшейте түседі деген үмітпен ешқайда жібермейді.

Ішкі туризмнің танымал обьектілер тізімін Бурабай, Сарыағаш, Алакөл бастап тұр. Қарапайым қазақстандықтардың таңдауы саяси элитаның таңдауымен ұқсас келеді. Vlast интернет-басылымы сауалнамасының қорытындысы бойынша, шенеуніктердің Багам және Мальдив аралдарындағы демалысы туралы қалыптасқан пікірлеріне қарамастан, министрлер мен депутаттар отбасыларын осы жазда Бурабайға демалуға жіберетін көрінеді. Олардың дені дағдылы жұмыс күндерін бұзатын ойлары жоқ.

Қазақстандық шипажайлардың арасында Бурабай танымалдылығы жөнінен алдыңғы орында. Сонымен қатар биліктегілер Щучинск-Бурабай туристік инфраструктурасын дамытуды жоспарлап отыр. Жергілікті курорттарға белсенді келуге Қазақстан тұрғындарына «каботажды баға»  секілді льготалардың бөлінуі  ынталандыру болар еді.

Респонденттердің 43%-ы еліміздің болашағы үшін  Қазақстандағы курорттарды барынша қадірлеп және көмек көрсету керек деп есептейді. 39%-ы жаңа әлемдік деңгейдегі шипажайларды салу және туристерді қызықтыру  қажет деген ойда. Мәселен, Көкжайлау немесе т.б.

Көкжайлау тау-шаңғы орталығын салу өте ауыр және қоғамда терең талқыға түскен сауалдардың бірі. Сауалнамаға қатысушылардың 13%-ы құрылыс бастауға қарсы топпен ниеттес болса, әрі олардың 6,4%-ы мұндай шипажайлардың шатқалдарда салынуы Қазақстан экологиясы үшін зиян деп есептейді. Ал, 6,8%-ы құрылысқа жұмсалған үлкен материалдық шығындарды ақтамайды деген ойда.

Сауалнамаға қатысқан Қазақстан тұрғындарының 15%-ы  қызмет көрсету сапасы жақсы болғандықтан шет елдерде демалуды жөн көретіндігін айтты.

Сауалнамаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 2100 адам қатысты.

 

Жоба туралы:

DEMOSCOPE классикалық мағынада әлеуметтік институттар қатарына жатпайды және әлеуметтік портреттер мен күрделі коннатациялардың интерпретацияларына талапкер емес. Жобаның мақсаты - қоғамның белгілі бір немесе өзге де сұрақтарға  көзқарасын, пікірін экспресс-режимде анықтау.

DEMOSCOPE Қазақстандағы актуальді тақырыптарға оперативті түрде азаматтардың пікірн анықтайды және үнемі телефон, ғаламтор арқылы (Қазақстан Республикасының халық көп деп есептелетін пунктілерді қамтиды) амплитудасы 7-15 күн аралығында сұралатын сауалнама түрінде жүргізіледі.

Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілеріндегі мониторинг негізінен құралады. demos.kz сайтында барлық қолданушыларға сауал тақырыптарын ұсынуға мүмкіндік бар.

DEMOSCOPE пікірлерді білу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар азаматтардың басты сауалдар мен маңызды проблемалар жөнінде өз ойын айтуға ең оңай, пайдалы құрал ретінде ұйымдастырылған.

Сауалдар нәтижесі қорытынды релиз және инфографика ретінде demos.kz сайтында жарияланып, сонымен қатар БАҚ редакцияларына сауалнама жүргізіліп болғаннан кейін 1-2 күнде жіберіледі.

Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың демеушілігімен жүзеге асырылды.

 

Қосымша ақпаратты келесі тұлғалардан алуға болады:

Дильнара Джалилова,  jalilova.dilnara@gmail.com , +7 (727) 272 45 33

Василина Воркова, vassilina.vorkova@gmail.com, +7 701 549 98 58, +7 (727) 261 66 69

 

Серіктестер