Баспасөз баяндары

Қазақстандықтар 2014 жылды жақындары мен достарының ортасында, көтеріңкі көңіл күймен, «Оливье» салатымен қарсы алады

09.12.2013 10:00

Бұл баспасөз баянында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы өткізген сауалнама қорытындысы ұсынылады. Ол Қазақстан тұрғындарының Жаңа жылдық жоспарларын білуге арналған. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысты. Сұрақтарға 18-жастан жоғары 74% әйелдер мен 26% ер адамдар жауап берді. Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама.


Жаңа жыл алдында қазақстандықтардың көңіл-күйі көтеріңкі екенін сауалнама қорытындысы көрсетті. Сауалнаманы MediaNet халықаралық журналистика мектебінің құрамындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы жүргізді.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 63%-ы «Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен және жаңа жыл табысты болады деген сеніммен» қарсы аламыз деп жауап берді.

Ал 26%-ы 2014-жылға «өмірімді жақсы жағына өзгертеді деген үмітпен» қадам басады екен.

«Жақсы өзгерістерді күтемін, бірақ боларына күмәнмен қараймын» (1,3%), «барлығы сол қалпында қалады» деп және жаңа жылды селқостықпен қарсы алатын (8,3%) қатысушылар да бар. Ал, «келесі жылы барлығы бұдан да жаман болады» деген пікірді ұстанатын пессимистер 1,6% -ды құрады.

Қазақстандықтардың үштен бір бөлігі (32,7%) жаңа жыл кешінде ресейлік телеарналар ұсынған бағдарламаларды тамашалайды екен.

Ал, 20% жауап берушілер 1-қаңтарға қараған түнде отандық арналарды көргенді қалайды.

38% қазақстандықтар жаңа жылдық телеарналар топтамасын толық тамашалағанды қалайды. Сондықтан, қолжетімді барлық телеарналарды кезекпен көреді екен.

Ал, отандастарымыздың 8,4%-ы Жаңа жылдық кешті теледидар алдында өткізгенді дұрыс деп есептемейді. Сол себептен, мүлде теледидарды қоспайды.

Жаңа жылдық сыйлықтар жасау 11,4% қатысушылар үшін таныс емес. Олар ақшасын да, уақытын да сыйлық алуға жұмсамаймыз деп жауап берді.

Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі жаңа жылдық сыйлық алуға көп қаражат жұмсаймыз деп жауап берді. Респонденттердің жартысынан көбі (53,6%) жаңа жылдық сыйлық алуға 19 мың теңгеге дейін ақша жұмсауды жоспарлап отыр.

Ал, жауап берушілердің 26%-ы 20-дан 49 мың теңгеге дейін, 7%-ы 50-ден 99 мың теңгеге дейін қаржысын сыйлық алуға жұмсауға дайын.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 95%-ы жаңа жылды отбасылық мереке деп есептейді. Сондықтан, «үйде, жақындары мен достарының ортасында» қарсы алғанды қалайды.

2014 жылды жауап берушілердің 3,4%-ы  «ресторанда, кафеде, түнгі клубта» қарсы алғысы келеді.

Респонденттердің аз бөлігі (0,6%) жаңа жылды тойламайды екен.

Қазақстандықтардың 77%-ы мерекелік дастарханды «Оливье» салатынсыз елестете алмайды. Бұл салат «мерекелік дастарханда, міндетті түрде, болады».

«Бұл жолы мерекелік дастарханда болмайды», «баяғыда-ақ, мерекелік мәзірден алынып тасталды» деген жауаптарды таңдаған қатысушылар саны, сәйкесінше, 12% және 5%-ы құрады.

Тек 6% қатысушылар «Оливье» салатын ұнатпайды екен. Сол себептен, жаңа жылдық дастархан үшін бұл салат дайындалмайды/тапсырыс берілмейді.

Жоба туралы:

DEMOSCOPE классикалық мағынада әлеуметтік институттар қатарына жатпайды және әлеуметтік портреттер мен күрделі коннатациялардың интерпретацияларына талапкер емес. Жобаның мақсаты - қоғамның белгілі бір немесе өзге де сұрақтарға  көзқарасын, пікірін экспресс-режимде анықтау.

DEMOSCOPE Қазақстандағы актуальді тақырыптарға оперативті түрде азаматтардың пікірн анықтайды және үнемі телефон, ғаламтор арқылы (Қазақстан Республикасының халық көп деп есептелетін пунктілерді қамтиды) амплитудасы 7-15 күн аралығында сұралатын сауалнама түрінде жүргізіледі.

Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілеріндегі мониторинг негізінен құралады. demos.kz сайтында барлық қолданушыларға сауал тақырыптарын ұсынуға мүмкіндік бар.

DEMOSCOPE пікірлерді білу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар азаматтардың басты сауалдар мен маңызды проблемалар жөнінде өз ойын айтуға ең оңай, пайдалы құрал ретінде ұйымдастырылған.

Сауалдар нәтижесі қорытынды релиз және инфографика ретінде demos.kz сайтында жарияланып, сонымен қатар БАҚ редакцияларына сауалнама жүргізіліп болғаннан кейін 1-2 күнде жіберіледі. Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың демеушілігімен жүзеге асырылды.

Сауалнама қорытындысы Конрад Аденауэр атындағы қордың және «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының жеке пікірін білдірмейді. Сауалнамаға қатысқан барлық Қазақстан азаматтарының көзқарасын жариялайды.

Қосымша ақпаратты келесі тұлғалардан алуға болады:

Дильнара Джалилова,  jalilova.dilnara@gmail.com , +7 (727) 272 45 33

Василина Воркова, vassilina.vorkova@gmail.com, +7 (727) 261 66 69

 

Осы тақырыптағы өзге материалдар:
Серіктестер