Баспасөз баяндары

Қазақстандықтардың көпшілігі қатардағы жауынгер Челахтың кінәлі екеніне сенбейді, ҰБТ талапкерлер білімі туралы толыққанды мәлімет бере алады дегенмен келіспейді және ЕУРО-2012 чемпионатында Германия

28.06.2012 00:00

Алғашқы сауалнама аясында Қазақстанның барлық ірі қалаларында тұратын 2529 адам қамтылды. Оларға соңғы күндері ең үлкен резонанс тудырып отырған үш тақырып – «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қайғылы оқиға, ҰБТ және Еуро-2012 бойынша 5 сұрақ қойылды.

                                                                       1.

Сауалнама нәтижесі бойынша жауап бергендердің басын көпшілігі, яғни 67%-ы  қатардағы жауынгер Челахтың ісі бойынша ресми тергеу амалдарының нұсқасына, оның мойындауларына қарамастан, сенбейтін болып шықты. Сауалнамаға қатысқандар негізінен жалғыз адамның, әрі жас, тәжірибесіз сарбаздың осындай қадамға баруы мүмкін еместігі, ең болмағанда сот үкімі шыққанға дейін тергеуге ыңғайлы бір ғана нұсқаның болмауы керектігі туралы айтты.

Азаматтардың 17,9%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналған, ал 15%-ы аталған іс бойынша «әскердегі әлімжеттік айыпталушыны еріксіз осындай қадам жасауға мәжбүр қылды» дегенді алға тартып, ресми нұсқаға сенімділік танытты. Бір айта кетерлігі, респонденттердің тек 0,1%-ы ғана бұл тақырып бойынша «маған бәрібір» деп жауап берді.

                                                                       2.

Ұлттық бірыңғай тестілеу медиа мен Интернетте кеңінен талқыланғаны белгілі. Бұқаралық ақпарат құралдарында аталған тақырып бойынша талапкерлерді тінту туралы даулы мәлімделер және өзге де мәселелер кеңінен көтерілген-ді. Алайда DEMOSCOPE-тың алғашқы сауалнамасында азаматтардың ҰБТ нәтижелеріне деген ой-пікіріне баса көңіл бөлінді.

Сауалнама қорытындысы тестілеуге деген күмәнді көзқарасты көрсетіп отыр, азаматтардың 40%-ы тест нәтижелеріне сенімсіздікпен қарайды, жемқорлық, бұрмалану және өзге де іс-әрекеттерді алға тартады. Алайда респонденттердің 36%-ы, яғни жоғарыдағы көрсеткішке жетеқабыл топ ҰБТ-ны қолдайтындықтарын, сеніммен қарайтындықтарын, осы жылы тестілеуді ұйымдастырудың айтарлықтай алға жылжығанын атап өтті. Сауалнамаға қатысқандардың 21%-ы бұл сұрақ бойынша өз бағасын беруге қиналатындықтарын жеткізді.

Респонденттердің басым көпшілігі ҰБТ-ның талапкер білімі туралы толыққанды мәлімет бере алатынына күмәнмен қарайтын болып шықты. Қатысушылар дұрыс қойылмаған сұрақтар, «балалардың психикасына жасалатын қысым», емтихандардың бұрынғы жүйесінің жақсы және объективті болғандығы туралы айтты. Нәтижесінде респонденттердің 57%-ы тестілеу қорытындысы нағыз білімді көрсете алмайды деген пікір білдірді. Ал 29%-ы болса, керісінше, ҰБТ талапкер білімі туралы объективті мәлімет бере алады деген жауап жеткізді. 13,5%-ы жауап беруге қиналған.

                                                                       3.

Футболдан Украина мен Польшада өтіп жатқан Еуропа чемпионаты туралы пікірталастың қызған шағында DEMOSCOPE аталған тақырып бойынша да жұрттың пікірін білуге тырысты.

Азаматтардың 40,77%-ы Германия құрамасы жеңіске жетеді деп жауап берсе, испандықтардың жолы болатындығына 29,26%-ы сеніп отыр. Италия чемпион болады деп сауалнамаға қатысушылардың тек 16,78%-ы, ал Португалия жеңімпаз атанады деп (сауалнама алғашқы жартылай финал ойынына дейін жүргізілген болатын) 13,19%-ы жауап берді.

«Футболдан Қазақстан футбол құрама командасы Еуро финалдық турнирінің қатысушысы аталатынына сенесіз бе?» деген сұраққа берілген жауаптар да қызығушылық туғызып отыр.

Респонденттердің 27,2%-ы біздің ұлттық құрама төрт жылдан кейін аталған чемпионатқа қатысады деп оптимистік тұрғыдағы жауап қайтарса, 18,1%-ы Қазақстан бұл жарысқа 2020 жылы ғана қатысады деген пікірде.

25,4%-ы Еуроның финалдық кезеңіне ұлттық команда 2024 жылы шығады деп ойлайды. Бірақ, сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі, яғни 29,3%-ы мұндай жағдай ешқашан болмайды деп жауап берген.

Сауалнама телефон арқылы және Интернетте - әлеуметтік желілер мен demos.kz сайтында жүргізілді.

 

Жоба туралы:

DEMOSCOPE әлеуметтік институттың классикалық мағынасындағы мысалы болып табылмайды және күрделі коннотациялар мен әлеуметтік портреттерді талдауға тырыспайды. Жобаның мақсаты – экспресс-режимде қоғамның қандай да бір мәселеге байланысты ой-пікірін анықтау.

DEMOSCOPE Қазақстан азаматтарының өзекті тақырыптар бойынша пікірін аз уақыт аралығында анықтауға бағытталған және араға 7-15 күн салып телефон (Қазақстан Республикасының барлық ірі елдімекендерін қамтиды) және Интернет арқылы жүргізіліп отырылады.

Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілерге жүргізілетін мониторинг негізінде қалыптасады, өзекті және ең үлкен резонанс туғызған тақырыптар таңдалынып алынады. Алайда demos.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі сәйкес парақшаларда қолданушылардың өздері қалаған тақырыптар бойынша бастама көтеруіне мүмкіндігі бар.

DEMOSCOPE тек пікір анықтау құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ азаматтарға маңызды сұрақтар және проблемалар бойынша өз ойын жеткізудің тиімді құралы ретінде де ойластырылған. Сонымен қатар, жоба ақпаратпен жұмыс істейтін журналистер, блогшылар, сарапшылар және өзгелер үшін өзекті тақырыптар бойынша сауалнама нәтижелерін, яғни азаматтар пікірін барынша жылдам алып отыруға жол ашады.

Біз көмегіне сүйенетін сауалнамалар барынша жеңілдетілген (мүмкіндігінше аз жауап нұсқалары көрсетілген сұрақтар қойылады), бұл өз кезегінде жоба нәтижелігінің қосымша кепілі болып табылады.

Сауалнама нәтижелері қорытынды баспасөз баяны және инфографика түрінде demos.kz сайтында жарияланады және БАҚ редакцияларына сауалнамадан кейінгі келесі 1-2 күн ішінде таратылады.

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросының web-адресі – demos.kz. 

Жобаға Конрад Аденауэр атындағы Қор қолдау білдірді.

 

Жоба туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс тұлғалары арқылы білуге болады:

Әділ Жәлелов – jalilov.adil@gmail.com  +7-7774444344

Азат Жұмаев – jumaev.azat@gmail.com  +-7776830335, +7 (727)2616669

Дінмұхамед Зиядин – aliziyadin@gmail.com  +7-7024901767, +7 (727)2616669

Серіктестер