Баспасөз баяндары

Қазақстанның ТМД және ЕО-қа мүше елдермен ынтымақтастығының басым бағыты – экономика саласы

14.10.2014 10:00

MediaNet  Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтарының Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны жайлы не ойлайтынын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан 16 жастан асқан 1663 адам қатысты. Олардың  72%-ы әйелдер және 28%-ы ер азаматтар.

Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.

Сауалнама 2014 жылы 12-22 қыркүйек аралығында жүргізілді.

Сауалнама мәліметтерін demos.kz гиперсілтемесін көрсету арқылы пайдалануға болады.

 

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 35%-ы Қазақстанның ТМД-ға мүше елдермен ынтымақтастыңының басым бағыты экономика саласы деп есептейді. Ал, ынтымақтастықтың басым бағыты сауда болуы да мүмкін деп ойлайтын респонденттер 12%. Төрттен бір бөлігінің пікірінше (25%),  Қазақстан мен ТМД-ға мүше елдер арасында саяси ынтымақтастық бірінші кезекке қойылған. Ал, 11%-ы ынтымақтастықтың басым бағыты мәдениет пен білім саласы деп жауап берді.

Ал, сұрақтарға жауап берген қазақстандықтардың 43%-ы Қазақстанның Қытаймен ынтымақтастығының маңызды әрі басым бағыты сауда байланысы деп ойлайды. Оны ресми мемлекетаралық стратегиямен байланыстырады. Яғни, 2015 жылға қарай Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда айналымын 40 млрд. АҚШ долларына дейін арттыру  жоспарланған. Респонденттердің 28%-ы Қытаймен байланыстың тиімді жағы жалпы экономика саласы деп есептейді. Ал, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың басым бағытын  анықтауда: 12%-ы саяси байланыс, 7%-ы  білім саласы, 4%-ы  туризм және 3%-ы мәдениет деген жауаптарды таңдады. Ал, сауалнмаға қатысқан отандастарымыздың 3%-ы ҚХР-мен байланыстың ешқандай перспективасы жоқ дейді.

Респонденттердің 32%-ы Қазақстан үшін Еуропалық Одаққа мүше елдермен (ЕО) ынтымақтастықтың ең маңызды тұсы экономика дейді. Ал, олардың пікірінше, екінші орында – саясат (24%), үшінші орында – білім саласы (13%) тұр. Туризмді басым бағытқа жатқызатын респонденттер 12%. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қыркүйек айында Астанада Еуропалық Одақ және Қазақстан арасында Әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңейтілген келісім бойынша келіссөздердің сегізінше отырысы өткен болатын.

Еуроодақ Қазақстан үшін негізгі сауда серіктесі және ең ірі шетелдік инвестор болып табылады. 2013 жылы ҚР мен ЕО арасында сауда айналымы 53,4 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ арасында ішкі сауда көлемі 28,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Ол еліміздің  ішкі сауда айналымының 54,7%-а тең. (http://www.zakon.kz/4652930-zavershilsja-8-raund-peregovorov-po.html).

9 қазан күні Қазақстан мен Еуроодақ арасында жаңа келісім төңірегіндегі келіссөздер аяқталды. Нәтижесінде, кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы және  Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөнінде келіссөздер аяқталғаны туралы құжаттар қабылданды. Қазақстан ЕО-мен осындай келісім жасасқан Орталық Азиядағы бірінші мемлекет. (http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstan-reshil-s-evrosoyuzom-voprosyi-po-vstupleniyu-v-vto-263141/).

Сауалнамаға қатысушылардың үштен бір бөлігі (31%) Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағытын саясат деп есептейді. Ал, 20%-ы үшін Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстың ешқандай тиімді жақтары жоқ. 16%-ы байланыстың басым бағыты білім саласына берілген, 14%-ы экономикалық ынтымақтастықты басым бағыт деп есептейді. 

Жоба жайлы:

DEMOSCOPE өзекті мәселелер бойынша Қазақстан азаматтарының ой-пікірін жедел анықтауға бағытталған жоба. Сауалнамалар тұрақты түрде, 7-15 күн аралығында, телефон арқылы (Қазақстан Республикасының халқы көп шоғырланған аймақтарында) және Интернетте жүргізіледі. Сауалнама тақырыптары  БАҚ пен әлеуметтік желілерге жасалатын мониторинг қорытындысы негізінде таңдалады.

Сонымен қатар, demos.kz  сайтында кез-келген интернет қолданушы сауалнама тақырыбын ұсына алады. DEMOSCOPE ой-пікірді анықтауға арналған құрал ғана емес, халықтың өзекті мәселелер бойынша көзқарасын білдіруіне жасалған қарапайым мүмкіндік.

Сауалнама нәтижесі баспасөз баяны және инфографика түрінде demos.kz сайтында жарияланады және 1-2 күн ішінде БАҚ редакцияларына жолданады. Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың демеушілігімен жүзеге асырылады.

Сауалнама қорытындысы Конрад Аденауэр атындағы қордың және «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының жеке пікірін білдірмейді. Тек сауалнамаға қатысқан барлық Қазақстан азаматтарының көзқарасын жариялайды.                                              

Қосымша ақпарат үшін:

Дильнара Джалилова, jalilova.dilnara@gmail.com,  +7 (727) 272 45 33

Сәния Әбдіғапар, abdigapar.sanyia@gmail.com,  +7 (727) 261 66 69

Айгерим Сакенова, ai.sakenova@gmail.com, +7 (727) 261 66 69

Серіктестер