Баспасөз баяндары

Қазақстандықтардың 41,5%-ы үкіметтің ауысқанына күмәнмен қарайды

11.10.2012 00:00

Қазақстандықтардың 41,5%-ы үкіметтің ауысқанына күмәнмен қарайды

Үкімет өзгерістеріне байланысты оң пікірді жаңа премьердің жерлестері, оңтүстік облыстардың, Астананың және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары білдірді

 

MediaNet халықаралық журналистика орталығының жанынан құрылған Demoscope қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы қоғамның үкіметтің жаңа құрамынан қандай үміт күтетіндігіне және жалпы үкіметтің ауысуына қандай баға береріне байланысты кезекті сауалнамасын жүргізді.

Телефон және Интернет арқылы жүргізілген сауалнама Қазақстанның ірі қалаларында тұратын 2091 адамды қамтыды.

Рекордтық 6 жылға жуық табан аудармаған үкіметтің ауысуы қазақстандықтардың бұл өзгеріске қалай қарайтындықтары және Министрлер кабинетінің жаңа құрамынан не күтетіндігіне байланысты сұрақтардың туындауына алып келді. Кәрім Мәсімов пен оның командасын көпшіліктің бірдей қабылдамағаны, ал Серік Ахметов бастаған жаңа да ескі үкіметтің көп өзгере қоймағаны, «сабақтастықты қамтамасыз етуді» мақсат қылып қойып отырғандығы жалпыға бірдей белгілі.

Тұтастай алғанда қоғам биліктің орындаушы күші басшысының ауысуына бей-жай қарайтын болып шықты. Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі – 31,2% – «ештеңе өзгермейді, кейбір тұлғалалардың ауысқаны болмаса, жүйе сол қалпында қалды» деген пікірде.

Осы тақырып бойынша аймақтық көрсеткіштер қызығушылық тудырады. Министрлер кабинеті жетекшісінің ауысқанына Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары (50%-дан астам), атыраулықтар (40%-дан астам), алматылықтар (36%-дан астам), павлодарлықтар (31%) және астаналықтар (29%) немқұрайды-күмәнді көзқараспен қарайды. Бір ерекшелігі, Атырау облысының тұрғындары тарапынан үкіметтің ауысқанына байланысты оң баға мүлдем дерлік берілмеді, негізінен бұл аймақ өкілдері өзгерістерге күмән-күдікпен қарайтындықтарын, не аңысын аңдап, күтетіндіктерін жеткізді.

Жаңа үкіметке қатысты сын пікірді ең аз білдірген Оңтүстік Қазақстан облысы (8,3%), Қызылорда облысы (14,2%), Солтүстік Қазақстан облысы (14,3%) және жаңа премьердің жерлестері қарағандылықтар (шамамен 18%) болды.

Халықтың 10,3%-ы жаңа командадан үлкен өзгерістер күтпейді, себебі «жаңа премьердің бұрын вице-премьер болған, сондықтан бұл командадан жаңа дүние күту қажет емес» деген пікірде.

Сауалнамаға қатысқандардың сыни және немқұрайды білдірген пікірлерін топтастыра келе қазақстандықтардың 41,5%-ы жаңа командаға және жалпы ротация процесіне күмәнмен қарайды деп айтуға болады.

Жаңа Министрлер кабинетіне байланысты «бұл жақсы өзгеріс деп ойлаймын, жаңа үкімет өзекті мәселелерді шешіп, экономикаға тың серпіліс әкеле алатын күшке ие» деген пікірге респонденттердің 24,6%-ы тоқталды. Мұндай көзқарасты негізінен оңтүстік аймақ тұрғындары  - қызылордалықтар (шамамен 67%), жамбылдықтар (40%), Оңтүстік Қазақстан облысы (50%), сонымен қатар астаналықтар (40,7%), Батыс Қазақстан облысы (40,9%) және қарағандылықтар (шамамен 62%) білдірді.

Жаңа Министрлер кабинетіне арналған сауалнамаға қатысушылардың басты тілектері зейнеткерлік жасты ұлғайтпау, инфляцияны тоқтату, коммуналдық және өзге де негізгі шығындарды төмендету болды.  

Сауалнамаға қатысқандардың тек 1,6% ғана үкіметтің бұрынғы басшыы Кәрім Мәсімов «ұзақ уақыт бойы отырды, сондықтан өзгерістер пісіп-жетілген болатын, қоғамның күткені де сол еді» деп жауап берді.

Ал респонденттердің 8,4%-ы «бастаған ісін аяқтау үшін экс-премьерді қалдыру керек еді» деген ойларын білдірді.  

 

Жоба туралы:

DEMOSCOPE әлеуметтік институттың классикалық мағынасындағы мысалы болып табылмайды және күрделі коннотациялар мен әлеуметтік портреттерді талдауға тырыспайды. Жобаның мақсаты – экспресс-режимде қоғамның қандай да бір мәселеге байланысты ой-пікірін анықтау.

DEMOSCOPE Қазақстан азаматтарының өзекті тақырыптар бойынша пікірін аз уақыт аралығында анықтауға бағытталған және араға 7-15 күн салып телефон (Қазақстан Республикасының барлық ірі елдімекендерін қамтиды) және Интернет арқылы жүргізіліп отырылады. 

Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілерге жүргізілетін мониторинг негізінде қалыптасады, өзекті және ең үлкен резонанс туғызған тақырыптар таңдалынып алынады. Алайда demos.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі сәйкес парақшаларда қолданушылардың өздері қалаған тақырыптар бойынша бастама көтеруіне мүмкіндігі бар.

DEMOSCOPE тек пікір анықтау құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ азаматтарға маңызды сұрақтар және проблемалар бойынша өз ойын жеткізудің тиімді құралы ретінде де ойластырылған. Сонымен қатар, жоба ақпаратпен жұмыс істейтін журналистер, блогшылар, сарапшылар және өзгелер үшін өзекті тақырыптар бойынша сауалнама нәтижелерін, яғни азаматтар пікірін барынша жылдам алып отыруға жол ашады.

Біз көмегіне сүйенетін сауалнамалар барынша жеңілдетілген (мүмкіндігінше аз жауап нұсқалары көрсетілген сұрақтар қойылады), бұл өз кезегінде жоба нәтижелігінің қосымша кепілі болып табылады.

Сауалнама нәтижелері қорытынды баспасөз баяны және инфографика түрінде demos.kz сайтында жарияланады және БАҚ редакцияларына сауалнамадан кейінгі келесі 1-2 күн ішінде таратылады.

Жобаға Конрад Аденауэр атындағы Қор қолдау білдірді.

 

Жоба туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс тұлғаларынан алуға болады:

Әділ Жәлелов – jalilov.adil@gmail.com  +7-7774444344

Дінмұхамед Зиядин – aliziyadin@gmail.com  +7-7024901767, +7 (727)2616669

Серіктестер