Баспасөз баяндары

Жемқорлыққа қатысты дау-дамай БЖЗҚ реформасына деген халық сенімін жоғалды

15.08.2018 00:00

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы

Қазақстан азаматтары арасында «БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті жарналар» 

тақырыбында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы және Қазақстанның өзге 15 облыс орталығынан 

18 жастан асқан 1874 адам қатысты.

Олардың  71% -ы әйелдер және 29% -ы ер азаматтар.

Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 1,2%-дан аспайды.

Зерттеу әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат. 

Сауалнама  2018 жылы 06-10 тамыз аралығында жүргізілді.

 

Шілдеде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 25-бабына («Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және төлеу тәртібі») енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар алатын кірісінің 10 пайыз мөлшерінде БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті. Demoscope бюросы осы өзгеріске орай халықтың көзқарасын білмек мақсатында сауалнама жүргізді.

Респонденттердің үштен бірі (32%) БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын төлеу дұрыс дейді. Азаматтар зейнетақы қорына түсетін кіріс көбейсе, болашақта халықтың зейнетақысы да  көбейеді деп үміттенеді. Алайда, азаматтардың 27%-ы бұл реформаны дұрыс емес деп отыр. Олар халықтың онсыз да табысы аз, бұл отбасылық бюджетке қосымша салмақ түсіреді деген пікірде.

Сауалнама қатысушыларының 18%-ы бейтарап пікір ұстануды жөн санайды. Олар «Егер аудару керек болса, аударамын» деген жауапты таңдады. Қатысушылардың төрттен бірі зейнетақы қорына ақша аударудың жаңа ережелері туралы мүлде естімеген.

Сауалнама барысында қазақстандықтар зейнетақы жүйесінің болашағы туралы көзқарастарымен бөлісті. 44% бұл реформаны халық үшін соншалық пайдасы тиеді деп қабылмады. Олар биліктің бұл әрекеті ештеңені де өзгертпейді дейді. Үштен бірінің сенімінің гөрі күмәні басым, олар зейнетақы жүйесін енді жемқорлық жайлайды деп алаңдайды. Бір қызығы, бұл пікірді Астана мен Алматы қалаларынан қатысқан азаматтардың үштен бірінен көбі (36%)  айтты. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болған жемқорлыққа қатысты дау-дамай халықтың сеніміне кері әсер еткені ақиқат. Бұл фактор заңдағы жаңа өзгерістерді жүзеге асыру барысында да зиянын тигізуі әбден мүмкін. Қатысушылардың  20%-ы зейнетақы қоры көбейсе, зейнетақы да көбейеді деп сенеді.  7% экономиканың көлеңкелі секторы артады дейді.

Облыстарды жекелей қарасақ, астаналықтардың (24%) реформадан жақсы жаңалықтар күтетінін байқадық. Ал Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының көбі (61%) ештеңе де өзгермейді деп жауап берген болатын.

Зерттеу барысында сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың небәрі 3%-ы жаңа ережелерге сәйкес Зейнетақы қорына міндетті жарна аударуға ниетті екенін айтты. Көбіне (5%) бұл пікір ШҚО мен Павлодар облысының тұрғындары арасында тіркелді.

40% кірістерінің тиісті бөлігін БЖЗҚ-ға аударып отыр.

18% әзірге аудармаймын, әлі толықтай түсінген жоқпын деп жауап берді. Ер азаматтарға қарағанда әйелдер қауымы жарна аудару бойынша жаңа тәртіпті жылдамырақ түсінген.

Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, қатысушылардың көбі (40%) зейнетақы қорының қазынасына маңдай-термен тапқан ақшасын төлейін деп отырған жоқ.

Қатысушылардың жартысы (52%) болашақта жақсы зейнетақы аларына не алмайтынына әлі нақты сенімсіз. Үштен бірі (33%) елдің зейнетақы жүйесі түзелмейді деп, қартайған шақта зейнетақымен қамтамасыз етілетініне күмәнмен қарайды. Халықты алаңдатқан мына мәселе: «Жемқорлыққа қатысты дауларды ескерсек, біз бүгінгі аударған ақшамызды көрмеуіміз де мүмкін».

Аймақтар бойынша қарасақ, Маңғыстау (43%) мен Қостанай (39%)  облысы тұрғындары жемқорлық деңгейіне басқалармен салыстырғанда көбірек алаңдаулы.

Түйіндесек, азаматтардың көбі (52%) БЖЗҚ-ң тұрақты дамуына күмәнді, сонымен қатар болашақта зейнетақымен қамтамасыз етілетініне де сенімсіз. 36% бұл өзгерістердің салдары БЖЗҚ-да жемқорлықтың белең алуына алып келеді, сондай-ақ экономиканың көлеңкелі секторы өседі дейді.

Қазақстандықтардың міндетті зейнетақы төлемдерін аударудан бас тартуының себебі, бәлкім, осыда болса керек.

 

Материалды көшіріп басқанда demos.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.

 

Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы  Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырады. Зерттеудегі деректер респонденттердің ғана көзқарасын білдіреді.

 

Қосымша ақпарат үшін жоба координаторына хабарласыңыз:

Снежана Цой, +7(727) 292-20-46, +7(707) 810-84-64;

tsoysnejana@gmail.com;medianet.smm@gmail.com;www.demos.kz

Серіктестер