Баспасөз баяндары

Алматылықтардың 65%-ы Көк Жайлау тау-шаңғы курортының құрылысы қала үшін қауіпті деп санайды

06.12.2018 00:00

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Алматы жайында бес маңызды сұрақ» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Алматы қаласының 18 жастан асқан 687 тұрғыны қатысты. Олардың 73%-ы әйелдер және 27%-ы ер азаматтар. Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 5%-дан аспайды. Зерттеу әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат. Сауалнама 2018 жылы 30 қарашада жүргізілді. Қатысушылар өз таңдауыларына қарай сұрақтарға қазақ тілінде немесе орыс тілінде жауап берді.

Алматылықтар арасында кең талқыға түсіп жатқан негізгі тақырыптардың бірі – Көк Жайлау тау-шаңғы курортының құрылысы жобасы. DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген тәуелсіз сауалнама деректері бойынша, алматылықтардың басым бөлігі, нақты айтсақ 65%-ы, жобаның Алматы үшін тигізер зардабы шаш тектен деп санайды.

Оған себеп те жоқ емес. Мәселен, қолдан жасалған өзен кесірінен сел жүруі мүмкін, талдарды кескеннен экология нашарлайды, жергілікті экожүйеге зияны тиеді.  21% алматылықтар бұл пікірмен келіспейді. Олар жоба Алматы үшін қауіпсіз, курорттың салынуы туризмнің дамуына ықпал етеді деп санайды. Жобаның 14% қатысушысы жоба туралы хабарсыз.

«Алматы жайында бес маңызды сұрақ» тақырыбындағы сауалнама барысында алматылықтар «Алматы қауіпсіз қала ма?» деген секілді бірнеше сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, сауалнама соңында қала үшін қандай тілек тілейтінімен бөлісті.

«Алматы қауіпсіз қала ма?» деген сауалға респонденттердің үштен бірі (36%) «Қатерлер кез келген мегаполисте бар» деп жауап берді. Сауалнама қатысқан тұрғындардың төрттен бірі өздерін толықтай қауіпсіз сезінеді.

12 % Алматыдағы қылмыс деңгейінің жоғары болғандығынан өзін қауіпсіз сезінбейді. Сонымен қатар, сейсмикалық қатерлер 15%, қоршаған ортаның қатты ластануы 14% алматылықты алаңдатып отыр.

Алматы қаласындағы қауіпсіздік деңгейін бес балдық шкала бойынша бағалаңыз деген де тармақ болды. Онда 5 «өте жоғары»,  1  «өте төмен» дегенді білдіреді. Қатысушылардың көбі (40%) қаланың қауіпсіздік деңгейін үшке бағалады. Үштен бір бөлігі төрт ұпай қойды. 19% алматылықтар Алматы қаласының қауіпсіздік деңгейін бес ұпайға теңестірді. 15% тұрғындар Алматыны қауіпті қалалар қатарына жатқызды.

Азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінулеріне құқыққорғау  органдарына деген сенім кепілдік береді. Қала тұрғындарының бұл мәселе туралы ойлары әртүрлі екен. Олардың үштен бірі қаланың қауіпсіздігі құқыққорғау органдарына ғана байланысты емес, тәртіп үшін қоғам да жауапты дейді.

28% «Сенбеймін, олар қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өз қызметтерін жиі орындамайды» деген жауапты таңдаса, дәл осындай  28% оларға сенуге болады дейді. Респонденттердің алтыдан бір бөлігі құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің жұмыстарына адал деген баға берді. 

Алматылықтар жаңа жыл қарсаңында қала басшылығы тарапынан қандай тілектерінің орындалғанын қалайды?  Ең жиі айтылған тілек – коммуналды қызмет бағаларының арзандауы (39%). Төрттен бір бөлігі келер жылы қаланың экологиялық жағдайды жақсарса дейді. 17% қаладағы мәдени және спорт алаңдарының көбейсе екен дейді. Қылмыс деңгейінің азаюын  тұрғындардың 15%-ы таңдады. Қалалық транспорт жүйесінің дамуын ең маңызды деп санаған алматылықтар – 4%.

_____________________________________________________________________________________

Материалды пайдаланғанда гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз. Жобаны MediaNet халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігі қолдауымен жүзеге асырады. Сауалнама нәтижелері респонденттердің ғана көзқарасын білдіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін жоба үйлестірушімен байланысыңыз:
Снежана Цой, +7(727) 292-20-46,

medianet.smm@gmail.com, www.demos.kz

 

 

Серіктестер