Мақалалар

Greenpeace: Сібір ормандарындағы өрт күшейіп жатыр

07.08.2019 00:00

Краснояр аймағындағы өрт

 

2,5-тен 4,5 млн гектарға дейін орман өртеніп жатыр. Экологтардың айтуынша, 140 га аймақта ғана өрт сөндіріліп жатыр, ол отқа оранған аймақтың 6%-на ғана тең.

Сібірдегі орман өртінің аумағы көбейіп жатыр. Бұл туралы Greenpeacе халықаралық ұйымының Ресейдегі өкілділігі хабарлады.

ИСДМ-Рослесхоздың спутник арқылы алған деректері бойынша, орман өртінің аумағы қазір 4,5 млн га. Авиаорманқорғаудың ресми ақпаратында 2,51 млн га деп көрсетілген. Greenpeace мәліметінше, жыл басынан бері Ресейде 13,4 млн га орман өртке оранды.

Экологтардың айтуынша, 140,2 мың га аймақта ғана өрт сөндіріліп жатыр, бұл өртеніп жатқан аймақтың 3-6 пайызы ғана. Өрттің көп бөлігі сөндірмеуге болатын шалғайдағы жерлерде, яғни «елді мекендер мен экономика объектілері үшін қауіп-қатер жоқ» «бақылау аймағы» деп аталатын аймақта болып жатыр. Ал, Ресей билігі өртті сөндіруге кеткен қаржы одан келетін шығын көлемінен артық болады деп отыр.

 

Биліктің рапортына қарамастан

Экологтар аймақта өртті сөндіруде «радикалды бетбұрыс басталды» деген Краснояр аймағының губернаторының мәлімдемесін жоққа шығарды. Greenpeace мәліметінше, бір тәулік ішінде Краснояр аймағында өртке оранған аймақ 0,01 млн гектарға артып, 1,28 млн гектарға жеткен.

 

Сібірді орман өртінен қорғаңдар!

Greenpeace ұйымының ресейлік бөлімшесі РФ Мемлекеттік Кеңесіне «Сібірді орман өртінен қорғаңдар!» петициясын жолдады. Сол уақытта оған 380 мың адам қол қойған болатын. Экологтар өртті сөндіруге қосымша күш жұмылдыруды, бақылау аймағын қайта қарауды, түтін туралы шындықты айтуды және адамдарға көмектесуді талап етіп жатыр.

Greenpeace 2010 жылы өрттен кейін екі аптада Мәскеудегі түтін салдары елу мың адамға жуық өлім-жітімнің өсуіне алып келгенін ескертті.   

Дереккөз: https://www.dw.com/

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер