Мақалалар

Қазақстандықтар шет елдерге кетіп жатыр

16.08.2019 00:00

Жарты жылдың ішінде жиырма мың адам елден кетті. Өткен жылдан 17% көп.

Көбінесе Қазақстаннан Ресейге, Германияға және Өзбекстанға қоныс аударып жатыр.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстаннан кеткен адамдар келген адамдар санынан көп. 20,1 адам көшіп кеткен, өткен жылмен (17,2 мың адам)  салыстырғанда 16,9% көп. Биыл Қазақстанға 5,6 мың адам көшіп келген. Өткен жылмен (6,4 мың адам) салыстырғанда 11,3% аз.

Жалпы алғанда елден кетіп жатқандардың көпшілігі – қала тұрғындары. 16,8 қала тұрғыны, 3,2 мың ауыл тұрғыны өзге елдерге қоныс аударған.

2018 жылдың ішінде 41,9 мың адам елден көшіп кеткен (бір жыл бұрын 37,7 мың адам), 12,7 мың адам көшіп келген (бір жыл бұрын 15,6 мың адам).

Ресей және Беларусь елдері бойынша  теріс сальдо, яғни көшіп келгендер саны көшіп кеткендерден көп. ТМД басқа елдері бойынша оң. 

Сонымен қатар, Германия, АҚШ, Израиль және Канада теріс сальдо байқалды. Ал, Қытай, Моңғолия, Иран, Грузия және Түркияда  миграция бойынша сальдо оң.

Көбінесе Қазақстаннан Ресейге кетіп жатыр. Биыл алты жыл ішінде 17,7 мың адам Ресейге көшіп кеткен (өткен жылы 15,1 мың адам).

Қазақстаннан Германияға биыл 1,2 мың адам, былтыр 1,1 мың адам көшкен. Одан кейінгі орында – Өзбекстан. Биыл  ол жақа 151 адам, өткен жылы 64 адам қоныс аударған.

Өзге елдермен салыстырғанда көбіне Қазақстанға Өзбекстаннан (2,2 мың адам) көшіп келіп жатыр. Ресейден 1,5  мың, Қытайдан 395 адам.

Қазақстанның төрт аймағында: Маңғыстау облысы, Алматы облысы, Шымкент және Түркістан облысында миграция сальдосы оң.

Осы  жылы қаңтар мен маусым аралығында шет елге қоныс аударғандар арасында Шығыс Қазақстан облысынан көп.  3,2 мың адам көшіп кеткен және 253 адам көшіп келген. Қостанай облысынан 2,7 мың адам кетіп, 425 адам келген. Үшінші орында – Қарағанды облысы, 2,5 мың адам көшіп кеткен, 213 адам келген.

Шет елдіктер мұнайлы Маңғыстауға көбірек көшіп келіп жатыр. Бұл аймаққа 1,3 мың, Алматы облысына прибыло 1 мың шет елдік азамат көшіп келген.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына барлығын қоса алғанда 1,4 мың адам қоныс аударған.

Ақпарат көзі: http://www.energyprom.kz/

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер