Мақалалар

LADA, TOYOTA немесе HYUNDAI — қазақстандықтар қай темір тұлпарды қалайды?

01.09.2019 00:00

2019 жылы Қазақстанда 18,8  мың жаңа жеңіл көлік сатылған. Сатумен айналысатын дилер топтардың ең үлкені «БИПЭК АВТО» мен «КМК Astana Motors» 59,9%-н сатқан.

«БИПЭК» 2019 жылы қаңтар мен сәуір аралығында 6,7 мың автокөлік сатқан, бұл – осы аралықта сатылған барлық жаңа көліктің 35,6%-ы.  «БИПЭК АВТО» LADA, Skoda, KIA, Nissan, Renault және УАЗ брендтерін сатумен айналысады. «КМК Astana Motors» 4,6 мыңнан сәл жетпейтін көлік сатқан. Бұл дилер  Hyundai, Toyota, Subaru, Lexus, BMW, Mini, Jaguar, Land Rover және Volvo брендерін сатады.  

Үшінші орында –1,1 мың жаңа жеңіл көлік сатқан «Вираж компаниясы. Мұнда — Ravon, УАЗ, Chevrolet Niva және JAC.

Барлық сатылған көліктердің жартысы үш қалада сатылған. Олар: Алматы (5,1 мың, +30,8% бір жылда), Нұр-Сұлтан (3,7 мың, +43% бір жылда) және Атырау (1,3 мың, +10,9% бір жылда).

Қарағандыда да биыл жаңа көліктер 25,3% артық сатылған. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша 20,5% көбейген.

Осы уақыт аралығында 4,7 мың LADA, 4,1 мың Toyota,  3,5 мың Huyndai сатылған.

Қазақстанда құрастырылған автокөліктер арасында LADA мен Hyundai алда келеді, үшінші орында – KIA маркасы.

Дереккөз: http://www.energyprom.kz

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер