Мақалалар

АҚШ-та мұхитты пластиктен тазартатын Ocean Cleanup деп аталатын жүйе іске қосылды

02.09.2019 00:00

АҚШ-та алғаш рет мұхитты пластик қоқыстардан тазартуға арналған жүйе іске қосылды, деп хабарлады жобаның ресми сайты.

Жүйенің жұмыс жасау принципін бес жыл бұрын голландиялық өнертапқыш Боян Слет жасаған.

Мұхитты тазартуға арналған жүйенің алғаш рет Калифорния жағалаулары маңында іске қосылмақшы. Ол бір ай ішінде бес тонна пластик жинауы керек.

Бүгін компания алғашқы барьерді суға жібереді. Одан кейін алпыс аппараттан тұратын толық флот жіберіледі. Осылайша бес жылдың ішінде мұхитты жайлаған қоқыстың  50%-ы, 2040 жылдарға қарай 90%-ы тазартылады деп болжам жасалып отыр.

Болашақта The Ocean Cleanup пластикті қайта өндіретін және одан жаңа өнімдер жасаумен айналысатын компаниялармен бірге жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

Бір барьер құны – 25 млн доллар шамасында. Бұған іске қосылған соң бір жыл бойы оны бақылап отыруға жұмсалатын қаржы да кіреді.

The Ocean Cleanup жүйесін бес жыл бұрын Боян Слет жасаған. Ол кезде он сегіз жаста болған. Боян Слет 2018 мамырда «Еуропаның жыл кәсіпкері» атағына ие болды.  

Әлемдік мұхиттың ластанғанын ол он алты жасында Грецияда дайвингпен айналысып жүрген уақытта жіте түсінген. Ол мұхитта балықтардан қарағанда, пластик көбірек екенін байқаған.

Биыл жазда жүйе тексерістен өтіп, күшін дәлелдеді.

Дереккөз: https://racurs.ua

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер