Мақалалар

ҚР Президентінің Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспары 5 қыркүйекке дейін дайын болуы керек

03.09.2019 00:00

Фото: ҚР Президенті баспасөз қызметі

ҚР Президентінің Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының 5 қыркүйекке дейін дайын болуы керек, ал министрлік  қаулы жобасын 7 қыркүйекте үкіметке енгізуі керек. Бұл –премьер-министр Асқар Маминнің сейсенбі күні берген тапсырмасы.

«Жолдаудағы барлық бағыттар бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспары дайындалады. Мемлекет басшысының Жолдауының іске асырылуы толығымен қаржылай қамтамасыз етілуі қажет. Барлық мемлекеттік органдарға жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігіне 5 қыркүйекке дейін өткізуді тапсырамын. Ал ҰЭМ тиісті қаулы жобасын 7 қыркүйекте Үкіметке енгізу керек», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

«Президент тапсырмаларын орындауға барлық бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Атап айтайын, әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек», — деді Асқар Мамин.

Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысына бекітуге өткізу үшін келесі отырыста жалпыұлттық іс-шаралар жоспары мақұлдануы тиіс екенін жеткізді.
 

Дереккөз:  https://vlast.kz/

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер