Мақалалар

Бюджетке қатысу: алматылықтар әкімдікке 500 млн теңгені қайда жұмсау керекті туралы ойларын айта алады

02.09.2019 00:00

Жоба бойынша сегіз ауданның әрқайсының дамуына 500 млн теңге бөлінеді. Алматылықтар қалаға шынымен де керек жобаларды қалай ұсына алатыны туралы айтамыз.

Алматыда бюджет қаржысын қалай және қайда жұмсауға болатыны туралы қала тұрғындарының ұсыныстарын қабылдау басталды. Жоба бойынша сегіз ауданның әрқайсын дамытуға және абаттандыруға 500 млн теңге бөлінеді. Пилоттық жоба «Алматы қаласының бюджетіне қатысу» деп аталады.

Ұсынысты қалай жіберуге болатыны жайлы, ең жақсы жобалар қалай таңдалатыны туралы айтатын боламыз.

 

№1. «Бюджетке қатысу» деген не?

Бюджетке қатысу – алғаш рет Нұр-Сұлтанда басталып, Алматыда жалғасқан жоба. Жобаға сәйкес қала тұрғындары бюджет қаржысын қайда және қалай жұмсауды таңдай алады. Бұл – аймақ басшылығының халықпен бірлесе отырып басқарудың ең нәтижелі тәсілі.

Жоба мақсаты – тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары бойынша аймақтарды дамыту және абаттандыру.

 

№2.  Бюджет қаржысын қайда жұмсау керектігі туралы ойларын кімдер айта алады?

Барлығы ұсыныстарын жолдай алады:

Қазақстан Республикасының азаматтары;

Оралмандар;

Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адамдар.

 

№3. Ұсыныстарды қайда жіберу керек?

Ұсыныстарды budget.open-almaty.kz. жобаның сайтына жіберуге болады.

Ең үздігі дауыс беру арқылы анықталады.  Жобаларға Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, аудандық мәслихат депутаттары, ҮЕҮ мен КСК өкілдері баға береді.  

 

№4. Ұсынысты қалай жібереді?

Open Almaty сайтындағы ұсынымды толтыру керек. Атауын, жобаның сипаттамасын, қай жерде іске асырылатынын көрсету керек. Эскиз және сметасын (болжамды болса болады) тіркеп жіберу керек. Презентация, қазіргі күйіндегі суретін де қоса жолдауға болады. Жобалық ұсыныстың авторы кез келген уақытта өзінің жобалық ұсынысын қараудан алып тастай алады.

Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

жобалық ұсыныстың атауы бір ұсыныс шегінде қысқа баяндалады;

бір өтінім - бір нысан;

қала тұрғындары үшін қолжетімділігі шектеусіз жалпы пайдаланудағы нысан;

нысан оны іске асыру жоспарланып отырған аудан аумағында және ортақ пайдаланудағы жер учаскесінде орналасуы тиіс;

 жобалық ұсынысты іске асыру әкімдіктің құзыреті шегінде болуы тиіс

«Бюджетке қатысу» есебінен қаржыландырылатын бір жобалық ұсыныстың ең жоғары құны 100 млн теңгені құрайды. Автор тек бір жобалық ұсыныс бере алады. 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар жіберілмейді.

Жоба туралы ақпаратты және кеңесті аудандық әкімдіктерден, сонымен қатар +7 (727) 224-39-29 (вн. 203, 103). Телефон нөмірлері арқылы алуға болады. Техникалық қиындықтар болса, +7 (775) 818 05 73. Нөмеріне хабарласуға болады.

 

№5. Қандай ұсыныстарды жолдауға болмайды?

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізбей жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ғана есептелген;

тұтас болып табылмайтын, керісінше фрагменттік сипаты бар және келесі қаржы кезеңінде аяқтау үшін қосымша бюджет ақшасын талап ететін (элементтердің бірін орындау болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);

Алматының даму бағдарламасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін;

коммерциялық сипаттағы жобалық ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;

жобаны іске асыру құнынан асатын күтіп-ұстауға және қызмет көрсетуге арналған шығыстарды (қосымша персонал) көздейтін;

нормативтік емес лексиканы, жала жабу, қорлауды, зорлық-зомбылыққа шақыруларды жән

 

№6. Ұсыныстарды іріктеу қалай өтеді?

Жобаларды аудандық әкімдіктің сараптама комиссиясы тексереді.

Аудандық әкімдіктің сараптама комиссиясының дербес құрамын аудан әкімі қалыптастырады және бекітеді.

Аудандық әкімдіктің сараптама комиссиясы кемінде 13 адамнан тұрады, мүшелер саны тақ болуы тиіс:

тиісті сайлау округі мен аудандық мәслихаттың кемінде екі депутатын;

«Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» КММ сәулетшісін;

жоғары оқу орнын бітіргені туралы тиісті дипломмен мамандығын растайтын құрылыс саласындағы маманды;

еңбек заңнамасына сәйкес құжаттармен жұмыс тәжірибесін растайтын құрылыс жобалары бойынша шығыстар сметасын жасау бойынша жұмыс тәжірибесі бар маманды;

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кемінде төрт өкілін;

осы ауданның аумағында қызметін жүзеге асыратын қоғамдық және өзге де ұйымдардың кемінде төрт өкілін қамтиды.

 

Дереккөз: https://informburo.kz/cards/byudzhet-uchastiya-kak-almatincam-predlozhit-akimatu-na-chto-potratit-500-mln-tenge.html

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер