Мақалалар

Қазақстанда бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айрылатын болады

11.09.2019 00:00

Фото: Жанар Каримова

Сонымен қатар, қылмысты жасырғандар да жауапкершілікке тартылады

Бұл жобаға қасақана жасалған ауыр қылмыстар мен аса ауыр қылмыстың жекелеген түрлеріне қолданылатын жазаларды қатаңдату бойынша өзгертулер енгізілді. Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық үшін өмір бойына 20 жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Жаңа заң жобасына еңгізілетін нормалар жайында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлемдеді.

 «Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодексті жетілдіре түсу мақсатында жаңа заң жобасы дайындалды. Бұл жобаға қасақана жасалған ауыр қылмыстар мен аса ауыр қылмыстың жекелеген түрлеріне қолданылатын жазаларды қатаңдату бойынша өзгертулер енгізілді»,- деді Ахметбеков президент тапсырмасы бойынша ауыр қылмыс жасаған азаматтардың жауапкершілігін күшейту және тиісті заңды қатаңдату тақырыбында  өткен брифингте.  
 

Оның айтуынша, жыныстық тиіспеушілікке қарсы, зорлау және сексуалдық сипаттағы күш көрсету қылмысы үшін жауапкершілік күшейтіледі. Тіпті ауырлататын мән-жайлар болмағанның өзінде мұндай қылмыстар ауыр қылмысқа жатқызылады.

Балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстардың барлығына жаза қатаңдатылады. Қызметтік міндетін орындау барысында қылмыс жасау деген қосымшаға біліктілік сипаты енгізіледі.  Яғни, оның жазасы қатаяды. Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық үшін өмір бойына 20 жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», – делінген прокуратура өкілінің мәлімдемесінде»,-деді Ахметбеков.

Енді кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы жасалған қылмыстардың дәлелін жасыру немесе қолдан жасау әрекеттері де жауапкершілік арқалайтын болады. Педофилияның ауыр фактілері туралы хабарламағандар да жазаға тартылады.

«Бұл ауыр қылмысқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Яғни, ол жауапкершілік балаларға сексуалдық зорлық жасау фактілерін жасырып қалған мамандандырылған балалар мекемесінің қызметкерлері мен басшылығына артылады. Дәл осындай жауапкершілік баланың асыраушысы мен ата-анасына да жүктеледі», - деді Марат Ахметжанов.


Дереккөз: https://vlast.kz/

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер