Мақалалар

Бақыт деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 156 ел арасында 60-орында

24.09.2019 00:00

Әлемдегі ең бақытты ел – Финляндия.

2018 жылы да алдыңғы жылғыдай Финляндия тұрғындары ең бақытты халық деп танылған болатын. Бұл – World Happiness Report әлем елдерінің қаншалықты бақытты екенін анықтайтын   халықаралық зерттеу жобасы. Рейтингтің алғашқы бестігіне Дания, Норвегия, Исландия және Нидерланды енді. Жалпы тізімде 156 ел қамтылған.

Қазақстан Гондурастан кейін, Боливияның алдында 60-орында тұр. ЕЫҚҰ мүше өзге елдер Қазақстаннан кейін орналасқан. Мәселен, Ресей 68-орында, Беларусь 81-орында, Қырғызстан  86-орында, Армения 116-орында.

Ең бақытсыз адамдар Оңтүстік Судан, Орталық Африка республикасы және Ауғанстанда тұрады.

Зерттеуде халықтың әл-ауқаты, ЖІӨ деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандықтың болуы, адамдардың қаншалықты өздерін қауіпсіз сезінетіндері, ертеңгі күнге деген сенім, отбасылардың тұрақтылығы, жұмыспен қамтылу, жемқорлық деңгейі ескерілген. Сонымен қатар, қоғам жағдайынан хабар беретін жанама көрсеткіштер, сенім, жомарттылық деңгейі секілді жайттар да қамтылған. Статистикалық деректер мен жанама көрсеткіштерден бөлек, қоғамдық пікірді анықтауға арналған сауалнама қорытындылары зерттеудің ауқымды бөлігін құрады. Зерттеу тобы халықтың қаншалықты бақытты екендігін өздерінен сұрады.  

ҚР Статистика комитеті жыл сайын халық арасында «Халықтың өмір сүру сапасы» бойынша анкета жүргізеді. Зерттеуге сүйенсек, респонденттердің 60% өз өміріне көңілі толады. Ауылдық жерлердің халқы (69,3%) қала тұрғындарына қарағанда (54,4%) өздерін бақыттырақ сезінеді. Сауалнамаға қатысқан қазақстандық еркектердің 61,8% өз өмірі мен тағдырына қағанаттанатынын айтса, әйелдердің 58,5% ғана бақыттымын деп айта алған екен.

Жас топтарына келсек, 15-17 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың 68,2% өміріне риза. Ал 18-28 жас аралығында бұл көрсеткіш 65,8% құрады.

Материалдық жағдайға тоқталатын болсақ, 68,8% респонденттер жағдайын орташа деп бағалады, 0,4% жағдай нашар десе, небәрі 0,3% қатысушылар өздерін жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенмін деп жауап берді.

Сауалнамаға қатысқан адамдардың 59,7%-ң әл-ауқаты өзгермеген. 36,4% жағдайы жақсарса, 3,9% тұрмыс жағдайы төмендеген.

32,2% жеке бас қауіпсіздігіне тодықтай сенеді, 52,2% жартылай сенеді, 9,4% сенімсіз.

35,9% қаржылық жағдайына қанағаттанады, 61,5% жартылай қанағаттанады, 1% қанағаттанбайды.

Ақпарат көзі: http://www.ranking.kz/

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер