Мақалалар

«Бағдарламаға қатысу үшін халықтың табысы айқындаушы фактор болады»

07.10.2019 00:00

Орындалу мерзімі бірнеше жылға ұзартылған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, бағдарламаға қатысу үшін нақты критерий қарастырылады және халықтың табысы айқындаушы фактор болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

"Бағдарламаға қатысу үшін нақты критерий қарастырылады және халықтың табысы айқындаушы фактор болады. Табысы жоқ немесе отбасының бір мүшесіне табысы бар кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үй берілетін болады, бірақ оны сатып алу мүмкіндігі қарастырылмайды. Мұнда әлеуметтік жағынан осал азаматтар арасында іріктеу жүргізіледі. Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй - табысы жоқ азаматтарға берілетін болады. Әлеуметтік осал санаттар үшін сатып алмай жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жалғастырылатын болады. Өзгелерге "Бақытты отбасы" аясында 2 пайыз жалға берілетін тұрғын үй беріледі", - деді Атамқұлов.
 

Сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Бәйтерек девелопмент", "Қазақстандық ипотекалық компания" және "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" - бірыңғай операторды біріктіру жолымен холдингтің тұрғын үй блогын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Бақытты отбасы" жеңілдетілген кредит беру жөніндегі "2-10-25" бағдарламасы бұрынғысынша мақсатты аудиторияға ие болады: көпбалалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар, отбасы мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі бір еңбекақыға дейінгі отбасылар. "Бақытты отбасы" жеңілдікті кредит беру бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының санын 10 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған. 

 Бұл «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйіне кедейлік шегінің мөлшерінен жоғары табысы және отбасының бір мүшесіне шаққанда 2 ең аз айлық жалақыдан жоғары табысы бар кезекте тұрған адамдар үміттене алады. Отбасының бір мүшесіне шаққанда 2 ең аз айлық жалақыдан жоғары табысы бар азаматтар «7-20-25» бағдарламасына қатыса алады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-министрі  Роман Скляр «Нұрлы жер» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылғанын хабарлаған болатын.

 

Мақалалар
682
05.12.2019 00:00
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер