Мақалалар

Орта білім беру реформасы: тиімділігі қандай?

09.10.2019 00:00

 

2016-2018 жылдар аралығында орта білім беру cаласын реформалауға бюджеттен шамамен 95 млрд. теңге жұмсалды.  Оның негізгі бөлігін әдістемелік және оқу материалдарын әзірлеу және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру  алады. Дегенмен екеуінің де тиімділігін анықтайтын құрал жоқ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) әдістемелік материалдардың санын және біліктілікті арттыруға арналған курстарға қатысқан мұғалімдер санын негізгі көрсеткіш ретінде қолданады.

Кез-келген үкіметтік реформаны немесе шараларды (көп шығын жұмсалатын) жүзеге асырмастан бұрын, нәтижелі болатынына көз жеткізу үшін сынақтан өткізіледі. Сонымен қатар, мұндай реформаның құрамына оның тиімділгін дер кезінде анықтап отыратын, қажет болғанда түзетіп отыратын жүйені (impact evaluation) қосу керек.

Орта білім беру саласын реформалау басталғанға дейін оның сәтті болатынына көз жеткізетін тәуелсіз зерттеулер жүргізілмеді. 2015 жылы Қазақстанның 30 мектебінде жүргізілген әдістемені тестілеу нәтижелері дәлел бола алмайды.

Апробация нәтижелеріне мониторинг жүргізетін Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ) ұйымы пилоттық мектептердегі оқытушыларға әдістемелік жан-жақты қолдау көрсетті. Осы мектептердегі оқушылардың үлгерімінің жоғарылауы осымен байланысты болуы мүмкін.

Алайда, НЗМ Қазақстандағы мектептердің барлығына дерлік мұндай қолдау көрсетпейді. Басқа мектептерге жаңартылған жүйені енгізу пилоттық мектептер көрсеткен нәтижеге жете алмайды немесе жоба мүлде сәтсіз болуы ықтимал.

1-кестеде жұмсалған қаражаттың көп бөлігі мектептерді материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз етуге емес,  әдістемелік және оқу материалдарын әзірлеуге және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жұмсалған.

1-кесте. Білім және ғылым министрлігінің  орта білім беру жүйесін жаңартуға жұмсалған шығындары

Бюджет бағдарламасының нөмірі мен атауы

Мақсаты

Объем затраченных средств

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

060 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ға нысаналы салым

Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің саны, республикалық олимпиадаларға қатысқан оқушылар саны

> 59 млрд теңге

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің саны, республикалық олимпиадаларға қатысқан оқушылар саны, біліктілікті арттыруға арналған курстарға қатысқан мұғалімдер саны

222 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру

23,8 млрд теңге

Курстарға қатысқан мұғалімдер саны

102 «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету»

әдіснамалық материалдарды әзірлеу, тексеру

4,9 млрд теңге

әзірленген әдіснамалық материалдардың саны

105 «Орта білім беру ұйымдарына электронды оқыту жүйесін енгізу»

116 «Облыстық бюджеттерге,  Астана және Алматы қалаларының  бюджеттеріне цифрлік білім беру инфоқұрылымын жасауға нысаналы трансферттер»

 

Мектептерді интернет және мультимедиалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету

6,8 млрд теңге

Мультимедиалық кабинеттер саны, 4 Мбит/с кем емес интернетпен қамтылған мектептер саны

 

Ақпарат көзі: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016, 2017, 2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері

Орта білім беру саласының жаңартылған мазмұны туралы сөз қозғалса, оқу материалдарының сапасы ең алдымен айтылатынын тәжірбиеде көріп жүрміз.

Курстардың сапасы мен оларды өткізетін тренерлердің біліктілігіде де маңызды. Оқытудың жаңа әдісі мен бағалаудың жаңа жүйесін аз ғана уақыт ішінде үйрету мүмкін бе? Мұғалімдер білім берудің жаңа мазмұнының концептін түсіне ме?

2016-2018 жылдар аралығында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу аясында біліктілікті арттыру курстарынан мұғалімдердің 75%-ы өтті. Бірақ мұндай курстардың тиімділігін бағалайтын тәуелсіз зерттеу жүргізілмеді.

НЗМ жыл сайын курсты аяқтаған соң, мұғалімдер арасында сауалнама жүргізеді. Бірақ бұл жерде мұндай зерттеулер қорытындысына толықтай сенуге мүмкіндік бермейтін жайттар бар.  Сонымен қатар, бұл сауалнамалар мұғалімдер материалды толықтай меңгермеген болса, оқу-әдістемелік жоспарларды түзету үшін жүргізілетін ішкі құрал ғана.

НЗМ және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға бөлінген бюджет қаражатын игеруге курстарға қатысқан мұғалімдердің саны есепке алынады.

Мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей (1-сурет), жекелеген элементтерді түсінікті, бірақ оларды практика жүзінде қолдану қиынға соғады деп белгілеген жағдайлар біршама.  Мұғалім оларды қолдануға тырысқанымен,  формальды түрде жасалатынын болжай беруге болады.

Жаңа әдістер іс жүзінде қолданылса, жобаның ыңғайлы, тиімді екендігіне дәлел. Сауалнама қорытындысына сәйкес, ауыл-аймақтардағы мұғалімдердің  шамамен 40 %-ы жаңа әдістерді сирек қолданады немесе мүлде қолданбайды екен. Осылайша, нақты нәтиже беретініне көз жеткізбей тұрып, реформаға өте көп қаражат бөлінген.

Қоғамдық бақылаудың болмауы мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалардағы нысаналы индикаторларды құрастыруға немқұрайлы қарауға жол береді. Сондықтан, нысандар өте әлсіз, айқын емес, оларды орындау үшін күш жұмсаудың қажеті шамалы. Мысалы, мұғалімдерді біліктілікті арттыруға арналған курстармен қамту үшін мұғалімдердің сабақтарға қатысуы ғана керек. Ол мақсатқа жету үшін сапалы әдістемелік материалдар дайындап, мықты тренерлерді жалдамауға да болады.

Мұғалімдер курстармен толық қамтылса, орта білім беру жүйесіне жаңартылған мазмұн енгізу туралы мақсат орындалды деуге болады. Мұғалімдер курстарда алған білімдерін тәжірбиеде қолданып жүр ме, оларды іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін бе, бұл туралы деректер жоқ.

Дереккөз: ekonomist.kz

 

Мақалалар
682
05.12.2019 00:00
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер