Мақалалар

Қазақстандық журналист жұмысына байланысты түрмеге жабылған журналистер тізіміне кірді

19.10.2019 00:00

Амангелді Батырбеков / Фото Дилара Иса, rus.azattyq.org

«Шекарасыз тілшілер» (RSF)  Амангелді Батырбековты 2019 жылы кәсіби журналистік жұмысына байланысты түрмеге жабылған немесе қайтыс болған журналистер тізіміне қосты.

Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калееватың айтуынша, Амангелді Батырбеков RSF тізіміне қордың бастамасымен енген. «Әділ сөз» осы арқылы Батырбеков ісіне қоғамның назарын аудармақшы болған.

«Жоғарғы Сот төрағасы  біздің сот жүйесі ашықтық мен жариялылықты әділеттілік қағидаттары етуге тырысады дейді. Біз бұл сот процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз еткіміз келеді. Журналистің өзі айтқандай, сот ісінде процедуралық бұзушылықтар көп болған. Бірінші сот отырысына бақылаушылар мен баспасөз мүшелерін айтпағанда, сотталушының өзі қатыспаған»,- деді Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева.

Калееваның айтуынша, Амангелді сотталған бап (ҚР ҚК 130-бабы, «жала жабу») Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сай келмейді.

2019 жылғы 23 қыркүйекте Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты азаматтық белсенді, «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековті жала жапқаны және қорлағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Бұған Келес ауданының білім бөлімінің бастығы Бахтияр Абдиевтің шағымы негіз болды. Сонымен қатар, Бахтияр Абдиевтің пайдасына 200 000 теңге моральдық шығын және қорғаушыға 500 000 теңге, сот-сараптамасына 67 500 теңге өндірілсін деген үкім шығарылды.

 «Шекарасыз тілшілер» (RSF) – сөз бостандығын қорғау және көтермелеу саласындағы әлемдік жетекші үкіметтік емес ұйымдардың бірі.  «Шекарасыз тілшілер» дерегінше, қазір әлемнің 180 елінде 234 журналист түрмеде отыр. Ұйымның 2018 жылдың қорытындысы бойынша түзген баспасөз бостандығы тізімінде Қазақстан әлемдегі 180 елдің арасында өткен жылғы көрсеткіштен бір орынға төмендеп, 158-ші боп тұр.

Дереккөз: https://informburo.kz

 

Мақалалар
682
05.12.2019 00:00
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер