Мақалалар

Тоқаев бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

22.10.2019 00:00

Алушылар контингентінің ұлғаюына байланысты атаулы әлеуметтік көмек  36,9 млрд теңгеге артты.

Мемлекет басшысы «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Қазанда Үкімет отырысында 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылған болатын.

Атап айтқанда, әлеуметтік шығындар артатын болады:

36,9 млрд теңге алушылар контингентінің ұлғаюына байланысты атаулы әлеуметтік көмек төлеуге,

23,3 млрд теңге медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау нысандарын жалғастыруға,

2,7 млрд теңге мәдениет пен спортты дамытуға бөлінеді.

Республикалық бюджет кірістерін  12,0 млрд теңге салықтық түсімдерді және 83,0 млрд теңге салықтық емес түсімдер есебінен 95 млрд теңгеге арттыру ұсынылады. Салықтық емес түсімдер  девиденттердің түсуінің 50 млрд теңгеге,  66 млрд теңгеге дейін өсуі, 33 млрд теңгеге нақты түсімдер есебінен 83 млрд теңгеге артады. 

Источник: https://informburo.kz

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер