Мақалалар

Қазақстанда Beeline алғашқы 5G желісін іске қосты

18.10.2019 00:00

Фото: Vlast.kz

Қазақстанда Beeline-ның алғашқы 5G желісі жұмысын бастады. Мобильді байланыстың бесінші буынының сынақ аймағы Шымкент қаласында ашылды. Технология үш ай сыналып, 2019 жылы желтоқсанда сынақ аяқталады. Сынақ нәтижесі бойынша ұялы байланыс операторы технологияға қажет инвестиция туралы, 5G желісінің Қазақстандағы келешегі туралы сараптама алып, өз желісінің 5G желісін жаппай енгізуге дайындығын бағалайды.

«Біздің міндетіміз – 5G желісін техникалық тұрғыдан сынау ғана емес, сонымен қатар технологияны енгізу үшін мемлекеттік қандай реттеуші мәселелерді шешу керек екенін түсіну. Мысалы, жиіліктер мен инфрақұрылымға барлық оператордың тең қол жеткізуі мен мемлекеттік мекемелердің 5G желісін заманауи стандарттауы және сертификаттауы осы байланыс стандартының жаппай таралуына мүмкіндік береді. Нарықтың барлық қатысушысын ортақ 5G желісін салу бағытында бірігуге шақырамыз, себебі бұл өте қымбат және өзін-өзі ақтауы ұзақ уақытты қажет ететін технология. Қазақстандағы ұялы байланыстың бүкіл абонентінде 5G желісінің жылдамдығы мен артықышылықтарына қосылу келешегі тең болуы үшін, осы бағытта жұмыс істегіміз келеді», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

5G желісі NOKIA қондырғыларына құрылған және ол үш базалық станция мен тірек желісінің қондырғыларынан тұрады. Желінің жалпы таралу ауданы – шамамен он үш шаршы шақырым. Бұл - жылдамдықты, функционалды сынауға, ғимараттың іші-сыртына сигналдың таралу деңгейін өлшеуге жетеді.

Компанияда 5G желісін енгізу – соңғы абонентте ең кемі 1Гбит/секундты құрайтын, мобильді интернеттің жоғары жылдамдығымен шектелмейді. Осы байланыс стандартын коммерциялық тұтыну экономиканы, өнеркәсіпті, қалаларды цифрландыру үшін қажет. 5G желісі енгізілген соң, «Бұйымдар интернеті» тәрізді технологияны дамыту бағыты жалпы мазмұнға ие болады деп санайды

Алдағы уақытта Шымкент тәжірибесі 5G желісін салудың және енгізудің дайын бизнес-кейсі болады.

«Қазақстан осы өңірдегі негізгі нарық, біз мемлекетттің 5G желісінің белсенді дамытуға ықпал етуге деген талпынысын қолдаймыз. Бұл өте ауқымды сынақ жобасы, оны стратегиялық серіктесіміз Beeline-мен бірге жүзеге асырмақпыз, бұл сәт Қазақстанда 5G технологиясын кеңінен енгізу жолындағы маңызды кезең, ол абоненттерге ғана емес, байланыс саласына және жалпы экономикаға пайдасын тигізеді», - деп Nokia-ның Орталық Және Шығыс Еуропа елдеріндегі және Орта Азиядағы вице-президенті Микко Лаванти.

 

Мақалалар
682
05.12.2019 00:00
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер