Мақалалар

Қазақстанда қалайша жоғары жалақы алатын, сұраныстағы маман болуға болады?

10.10.2019 00:00

Болашақ институтының болжауынша, 2030 жылы әлемде 85% жаңа мамандық пайда болады. Мәселен: деректермен жұмыс істейтін детектив, қала кибераналитигі, саяхатты жобалаушы, генетикалық код редакторы, цифрлық тігінші, адамдар мен машиналардың ұжымдық жұмысы жөніндегі менеджер. Бұл деректермен министр Дәурен Абаев бөлісті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік бағдарламалар мен кадрлық қажеттілікті болжау негізінде 2025 жылға дейін 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық кәсіптер тізбесін әзірледі. Оған жоғары білімді қажет ететін 35 сұранысқа ие мамандық және техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 мамандық енгізілді, оның ішінде 10 жаңа мамандық енгізілген.

Олардың ішінде өзекті: IT-мамандар, 3D модельдеу және толықтырылған нақтылық жөніндегі инженерлер, машинааралық оқыту жүйелері бойынша, жаңартылатын энергия көздері бойынша, өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлер, өндірісті автоматтандыру кезеңінде талап етілетін «ақылды» қала құрылысы, пилотсыз авиациялық жүйелер инфрақұрылымының сәулетшілері мен жобалаушылары және графикалық және мультимедиялық дизайнерлер мамандықтары бар.

 

Ілмектер:
Мақалалар
682
05.12.2019 00:00
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер