Мақалалар

Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митинг өткізуге тырысқан 26 адамның ұсталды

26.10.2019 00:00

26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында сот экстремистік деп үкім шығарған ұйым хабарлаған митингіге қатысуға ондаған адам келген.

Елордада  20 адам ұсталды. Полицейлер қолдарында плакаты жоқ бірнеше адаммен пікірлесті, оларды қамауға алған жоқ. Наразылық акция Конгресс-холл жақта болды.

Алматыда қарсылыққа шыққандар акцияға жинала алмады. Олардың көпшілігі Астана алаңы маңында, Панфилов және Төле би көшелерінің қиылысы жақта ұсталды. Алматыда жалпы 15-20 адам ұсталды.  

Наразылық акциясына қатыспақшы болғандардың бір бөлігі сенбі күні таңертең ұсталды. Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның хабарлауынша, жағдайды бақылау мақсатында қатыспақшы болған Ерлан Калиев, Маржан Аспандиярова және Рыспек Сәрсенбайұлы секілді  құқыққорғаушылар мен белсенділердің жолдары үйлерінен шыға сала бөгелген.

Астана алаңына бара жатқан жолда белсенді Камилла Шоканова да ұсталған.

ІІМ баспасөз қызметі 26 адам ұсталды деп хабарлады.

«26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг өткізуге тырысқандар болды. Бас прокуратураның заңсыз митинг туралы бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан кей азаматтар заң талабын орындаудан бас тартты. Қазіргі уақытта полицияға мән-жайды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін 26 адам жеткізілді. Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтары арандатушылық үндеулерге ермей, экстремистік ұйымның заңсыз акцияларына қатыспауға шақырады», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, кеше Бас прокуратура экстремистік ұйымының наразылық акцияларын ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға заңмен белгіленген тәртіпте қатаң шаралар қолданылатынын хабарлаған еді.
 

Дереккөз: https://vlast.kz/

 

Мақалалар
682
05.12.2019 00:00
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер