Мақалалар

ИИДМ: БҚО жол сапасы бойынша рейтингте соңғы орында

26.10.2019 00:00

Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың 71,3% жөндеуді талап етеді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жол желісінің сапасы республикалық рейтингіде соңғы орында.

«Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың 71,3% жөндеуді талап етеді. Бұл – 2018 жылғы жағдай бойынша өңірлер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті маңызға ие автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5 104 шақырым. Оның тек 28,7% эксплуатациялық талаптарға сай», делінген хабарламада.

Ал еліміздегі ең жақсы жолдар Маңғыстау облысына тиесілі. Мұнда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 92% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы жергілікті жол желісінің ұзындығы 1 406 шақырым. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығынан 4 есе кем.

Елімізде жергілікті жол желісінің жалпы ұзындығы 71,2 мың шақырым. Бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 71 % жақсы жағдайда. Алдағы 5 жыл ішінде аталмыш көрсеткіш 95% дейін жеткізілмек.

Жүк көліктерінің жүруі жолдардың талқандалуына бірден бір себеп. Қазақстанда 400 мың жүк көлігі тіркелген.

 

Мақалалар
682
05.12.2019 00:00
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер