Мақалалар

Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде

26.10.2019 23:33

Қазақстан 141 елдің ішінде 55-орынға тұрақтады. 2018 жылмен салыстырғанда еліміз 4 позицияға жоғары көтерілді.

Қазақстанның екі фактор бойынша көрсеткіштері жоғары: «Еңбек нарығы» бойынша 25-орында (бес позиция жоғарылады) және «Бизнес қарқындылығы» бағалауда» 35-орында (бес позиция жоғарылады).

Ал «Денсаулық», «Инновациялық әлеует» факторлары бойынша 95-орын. «Қаржы жүйесі» бойынш 104-орында. Бұлар – ең төмен нәтиже көрсеткен факторлар.  

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі –жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша рейтинг. Рейтингті Бүкіләлемдік экономикалық форум (World Economic Forum) құрастырады.

 «Институттар», «Инфрақұрылым», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Макроэкономикалық тұрақтылық», «Денсаулық», «Білім беру мен дағдылар», «Тауарлар нарығы», «Еңбек нарығы», «Қаржы жүйесі», «Инновациялық әлеует» және «Бизнестің қарқындылығы» секілді он екі көрсеткіш бойынша сараланады.

Ақпарат көзі: sputniknews

 

Мақалалар
682
05.12.2019 00:00
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер