Мақалалар

АҚШ-тағы президент сайлауы және терроризмнің жаңа ұшқыны – алдағы жылдың негізгі қауіп-қатері

11.11.2019 00:00

Зерттеуді Әлемдік экономика және саясат институты шет елдік  40 сарапшының қатысуымен дайындады.

Нұр-Сұлтанда «Астана клубы» халықаралық пікір-сайыс алаңында сарапшылар «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» атты тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымын таныстырды. 

Баяндаманы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы  Әлемдік экономика және саясат институты 40 шет елдік  сарапшы мен саясаткердің, 70 ел арасынан 1 100-нан аса  респонденттің қатысуымен дайындады.

Жаһандық қауіп-қатерлер:

  • 2020 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейінгі ахуал
  • Жаһандық экономикалық құлдырау
  • АҚШ пен Қытай текетіресінің ушығуы
  • Жаһандық қарулану жарысының жаңа кезеңі
  • Технологиялық үстемдік жарысының үдеуі
  • Иранға қарсы әскери соғыс
  • Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс
  • Терроризмнің жаңа толқыны
  • Басқыншы ұлтшылдық пен популизм толқыны
  • Климаттың өзгеруі салдарынан туындаған ауқымды мәселелер

Мұндай зерттеу қорытындысын сарапшылар бірінші рет 2018 жылы Astana Club алаңында таныстырған болатын. Сарапшылардың болжамына сәйкес өңір үшін төніп тұрған басты жаһандық қауіптер қатарына Қытай мен АҚШ текетіресінің шиеленісуі, кең ауқымды сауда соғыстары, экологияға және су ресурстарына төнген қауіптердің ушығуы, жаппай қаруланудың жаңа кейпі, ірі ядролық және техногенді апаттар қаупі

Сауда соғыстары, АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы арасындағы қиындықтар, қарулану және экологиялық проблемалар жаңа болжамда да аталды.

Негізгі қауіп-қатерлерді болжау және баға беру саясаткерлерге, экономистерге және сарапшыларға өз болжамдарын нақтылауға және әлемде өзгеріп жатқан жағдайларға қарай дұрыс әрекет етуге көмектеседі.

Дереккөз: https://informburo.kz/

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер