Мақалалар

«Википедияның» негізін қалаушы WT: Social әлеуметтік желіні іске қосты. Онда жарнама мен кликбейт болмайды

15.11.2019 00:00

WT: Social деп аталатын жаңа әлеуметтік желіні Википедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлс іске қосты. Онда жарнама, кликбейт және фейк жаңалықтар болмайды, делінген әлеуметтік желінің сайтында.

Жаңа сайт қолданушылардың жанашырлық көмегі арқылы жұмыс істейді.

Мұнда оқырманды шатастыратын түсініксіз тақырыптарды редакциялауға болады. Сонымен қатар, жаңалықтар жарияланған уақыты бойынша орналасады. Жазбаға басылған лайк санына байланысты болмайды.

Сайт қазан айынан жұмысын бастады. Бірақ Джимми Уэйлс бұл туралы енді ғана хабарлап отыр.  Бір айдың ішінде 50 000-ға жуық адам тіркелген. Джимми Уэйлс бұл көрсеткішті әлем бойынша 50 миллион, тіпті 500-ға миллионға жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұл әлеуметтік желіге шақырту арқылы немесе айына 12 доллар немесе жылына 100 доллар шамасында қайырымдылық мақсатында жәрдем көрсету арқылы қосылуға болады.

Джимми Уэйлс WT: Social контент сапасы жағынан Facebook пен Twitter-ге бәсекелес болады деп жоспарлап отыр.  Бұл туралы Financial Times та жазды. Қолданушылар сапалы контентті пайдалану үшін ақша төлеуге дайын екендігіне Netflix, Spotify , Тhe New York Times мысал бола алады дейді ол.

Ақпарат көзі: https://informburo.kz

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер