Мақалалар

Ғалымдар жасөспірім шақтағы депрессияның әлеуметтік желілермен байланысын жоққа шығарады

04.11.2019 00:00

Әлеуметтік желілерге кететін уақыттың екі есе артуы мазасыздық пен күйзелістің  өршуіне тікелей әсер етпеді.

Бригам Янга университетінің зерттеушілерінен құралған топ профессор Сара Койн басшылығымен сегіз жыл бойы жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді қалай қолданатынын және қандай күйде болатыны туралы  мәліметтер жинап келеді. Зерттеушілер әлеуметтік желілерде өткізілетін уақыт пен жасөспірімдердің психикалық жағдайының арасында тікелей байланыс жоқ деген қорытындыға келді.

Зерттеу нәтижелері Computers in Human Behavior журналында жарияланды.

Зерттеуге 13-20 жас аралығындағы 500 адам қатысты. Олар 8 жыл бойы жылына бір рет анкета толтырған. Қатысушылар күнделікті әлеуметтік желілерде қанша уақыт өткізетіндерін белгілеген. Одан кейін күйзеліс және мазасыздық деңгейін анықтайтын сауалнамаларға жауап берген. Содан кейін зерттеушілер осы мәліметтер арасындағы байланысты сараптады. Он үш жасар балалар күніне әлеуметтік желілерде 30-60 минут өткізетінін айтқан. Бұл уақыт жыл сайын көбейе түсіп, екі сағатқа дейін жеткен.

«Көптеген жасөспірімдер үшін  уақыт қана маңызды емес.  Мәселен, екі жасөспірім бір уақытта әлеуметтік желілерде отыруы мүмкін, бірақ бұл зерттеуде олардың нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін», – дейді Сара Койн.

Оның айтуынша, зерттеудің мақсаты қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан әлеуметтік желілердің зияны мен пайдасы туралы пікірталас шеңберінен шығып, оның орнына оларды қолданудың контексті мен контентті зерттеу керек.  Сара Койн әлеуметтік желілерді қалай пайдалану керектігі туралы үш ұсынысымен бөлісті:

Белсенді қолданушы болыңыз. Лентаға көз жүгіртіп қана қоймай, контентке пікір жазып, лайк басып және жазба жариялаңыз.

Ұйықтардан бір сағат бұрын әлеуметтік желілерді пайдалануды шектеңіз. Адамның ұйқысы қануы керек. Себебі, ұйқы –  психикалық денсаулықты сақтаудың негізгі факторларының бірі.

Мақсатыңызды анықтап алыңыз. Мысалы, мақсатты түрде ақпарат іздеу, достармен байланысу.

Дереккөз: https://informburo.kz/

 

Ілмектер:
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер