Мақалалар

Не үшін Ресейде әйелдер наразылық акцияларына жиірек қатыса бастады?

16.11.2019 00:00

Ресейлік қыз-келіншектер митингілер мен пикеттерге белсенді қатыса бастады. Себебі неде? Елдегі әлеуметтік дағдарыс па, әлде мұның феминизмге қатысы бар ма?

«Мониторинг актуального фольклора» зерттеу тобының мәліметтері бойынша, 2018 жылы наразылық акциясына орташа есеппен алғанда 65 пайыз ер азаматтар және 35 пайыз әйелдер қатысқан. Бұл ақпаратпен ИОН РАНХиГС ғылыми қызметкері, антрополог Александр Архипов таныстырды. Мәселен, 2012 жылғы 4 ақпанда Сахаровтағы митингке қатысқандардың  27 пайызы әйелдер болған.

Алайда, 2019 жылдың күзінен бастап  наразы әйелдер саны арта бастады. Ерлердің 56 пайыз, әйелдер 44 пайызға жетті.  «Жазда кезінде әйелдер он пайызға көбейді. Бұл өте көп.  Динамика бар, әйелдер көбейіп жатыр. Бұл митингтердің келісіммен не келісімсіз өтетініне байланысты емес. Сонымен қатар, бұрынғымен салыстырғанда, шамамен 2017 жылдың аяғынан бастап әйелдер саяси мәлімдемелер көбірек жасап, бұл жағынан белсенділіктері артты», - дейді Архипов. Мұны наразылықпен митингілеріне барған әйелдердің санынан байқауға болады.

2017 жылы оппозиционер Алексей Навальныйдың «Он вам не Димон» зерттеу фильмінен кейін болған наурыздағы митингіде әйелдердің 35 пайызы киім мен сөмкелеріне жапсырма қағаздарын жапсырып, плакаттар ұстаған. Олардың көбі мектеп оқушылары немесе зейнеткерлер.

Бірақ 2018 жылы Мәскеуде реновацияға қарсы наразылықта әйелдердің 40 пайызға жуығы сиволикамен шықты. Олардың көпшілігі белсенді жас әйелдер болды. Қалалық депутат Юлия Галямина бұл туралы: «Әйелдердің көбі хрущевкаларды құлатуға қарсы екені анық. Олар үшін қайда және қалай тұратындығы маңызды», - деп пікір білдірді. Заманауи мәдениетті зерттеумен айналысып жүрген Анна Нижник митингіге қатыспаса да, үйлерінде белсенді күйеулерін күтіп отыратын әйелдерді де ұмытпауға шақырды.

Феминизм мен наразылық  арасында байланыс бар ма?

Мәскеу қалалық Думасына сайлауға  байланысты жазғы наразылықтардан басқа, 2019 жылы Хачатурян апалы-сіңлілеріне қолдау көрсету мақсатында акциялар өтті.  Сонымен қатар, ресейлік феминистер жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бірнеше іс-шаралар өткізді. Демек, елде әйелдерге қатысты акциялар көбейсе, оған әйелдер көп қатыса ме? Сарапшылар пікірі екі түрлі.

 «Мен бұл жерде феминизмді мүлдем араластырмайтын едім. Мысалы, биыл және былтыр саясатпен байланысты әрі әйелдерге қатысты екі митинг болды. Бұл аналар шеруі және Настя Шевченко ісі бойынша акция», - дейді Галямина.  Оның айтуынша, мұндай наразылыққа келгендердің барлығын феминистік идеяны қолдайды деуге болмайды.

Анна Нижниктің пікірінше, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бір жағынан мұндай қозғалыстар жалпы азаматтық құқықтар үшін, екінші жағынан белгілі бір топтардың нақты бір құқықтары үшін өзгеріп, бір біріне жалғасып кетеді.  Мысалы, Аргентина болған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы жаппай наразылықтарда жалпы әлеуметтік талаптар да айтылған болатын.

Ақпарат көзі: https://www.dw.com/

 

Ілмектер:
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер