Мақалалар

Адам капиталы дамып жатыр: жұмыс күші бір жыл ішінде 1%, жұмыспен қамтылғандар 1,5% артты

14.11.2019 00:00

Мұнайлы аймақтар мен астанада экономикалық белсенді халық көбейген. 2019 жылдың екінші тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 9,2 млн болды, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,4% артқан.

Олардың ішінде  95%-дан астамы – жұмыспен қамтылғандар. Жұмыспен қамтылғандар саны 8,8 млн адам, бір жылдың ішінде 1,5% -ға көбейген.

2019 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздар саны 441,8 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,8 %  болды. 2018 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда, осы көрсеткіш 0,4 мың адамға, ал жұмыссыздық деңгейі  0,1% -ға көбейген.

Экономикалық белсенді халықтың жартысынан көбі қалада тұрады. Олардың үлесі бір жылда 57,7% -дан 58,6% -ға дейін өсті, саны 2,9% -ға көбейіп, 5,4 млн адамға жетті. Ауыл тұрғындарының үлесі тиісінше 42,3% -дан 41,4% -ға азайды, олардың саны 0,7% -ға кеміп 3,8 млн болды.

Жұмыспен қамтылған халықтың үлесі ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда басым. 58,5% қалаларда, 41,5% ауылдық жерлерде (бір жыл бұрын - 57,3% және 42,3% болған). Қалаларда бір жыл ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 3% артып, 5,1 млн адамға жетті. Ауылдарда 0,6% -ға кеміді, 3,6 млн. адамға азайды.

Сонымен бірге, жұмыссыз халықтың жартысынан көбі, 59,3% -ы, қалаларда тұрады. Бір жыл бұрын 58% болған. Бір жыл ішінде 2,3% өсіп, 262,1 мың адамға жетті. Ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыздар саны 3% төмендеп, 179,7 мың адамға азайды.

Экономикалық белсенді халықтың ең көп бөлігі Алматы облысында шоғырланған.  Жалпы саны бір миллионнан астам адам, бір жыл ішінде олар өзгерген жоқ. Алғашқы үштікке Алматы (985,5 мың адам, бір жылдағы өсім 2,7%) және Түркістан облысы (818,7 мың адам, бір жыл ішінде 0,5% азайды) кірді.

ҚР өңірлері арасында экономикалық белсенді халықтың жылдық өсімінің ең көп бөлігі Маңғыстау облысында байқалды. Бұл көрсеткіш бірден 14,1% -ға артып, 321,3 мың адамға жеткен. Сонымен қатар, жоғары көрсеткіш Нұр-Сұлтанда (+ 6,6%) және Атырау облысында (+ 6,2%) тіркелді.

Соңғы жылдары ҚР бес аймағында еңбек ресурстарының қысқаруы байқалды. Еңбек ресурстары Солтүстік Қазақстан (-1,6%), Павлодар (−0.9%) және Қызылорда (−0.9%) облыстарында азайды.

Ақпарат көзі: http://finprom.kz/

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер