Мақалалар

Тұмауға қарсы жаңа препарат – вирустың препаратқа тұрақтылығының қоздырғышы

27.11.2019 00:00

Тұмауға қарсы балоксавир препараты көптеген балаларда вирустың мутациясына және штаммның төзімді затқа айналуына ықпал етеді.

2019 жылы 31 қаңтарда Жапониядан келген 11 жасар бала ыстығы көтеріліп ауруханаға түседі. Оған дәрігерлер H3N2 штамм, тұмауы вирусы деген диагноз қойған. Жаңа балоксавир препаратын берген.  Науқас бірнеше күн бойы өзін жақсы сезінді, бірақ 5 ақпанда дәрі қабылдағанына қарамастан, ыстығы қайта көтерілді.

Екі күннен кейін оның үш жасар қарындасы да ауырып қалады. 8 ақпанда дәл сол штамм анықталды. Осы науқастарда табылған вирустың анализінен тұмау қоздырғышын балоксавирге төзімді ететін мутация анықталды. Мутант вирусы интакт штамм сияқты жұқпалы және адамнан адамға тез жұғады.

Бір топ ғалымдар зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы Nature Microbiology журналында жарияланды. «Біз 11 жасар балада табылған дәріге сезімтал вирустың барлық геномын, қыздың анализінен резидент  вирустардың үлгілерін талдадық. 13133 нуклеотидте олардың арасында тек бір ғана айырмашылық болды. Басқаша айтқанда, генетикалық кодтағы бір «әріпті» өзгеруі вирулентті бұзбады, бірақ қоздырғышқа балоксавирге төзімділік берді», - дейді мақала авторларының бірі профессор Йошихиро Каваока.

Балоксавир вирусқа қарсы препараттардың жаңа тобына жатады. 2018-2019 жылғы қыста тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер нарығында балоксавирдің үлесі 40% жетті. Препарат сынақтың барлық кезеңдерінен өтті және қауіпсіз деп бекітілді. Дегенмен мақала авторлары клиникалық зерттеулер барысында H3N2 немесе H1N1 тұмауымен ауырған кейбір пациенттер препаратқа төзімділікті қалыптасты деп мәлімдейді.

Жануарларды зерттеу және мутантты вирустарды өсіру вирустар көбейген кезде мутация сақталатынын көрсетті. Дегенмен вирус бөлшектерінің вируленттілігі мен тұрақтылығы бастапқы штаммнан өзгеше емес. Балоксавирдің кемшіліктеріне қарамастан, ғалымдар ересек емделушілер үшін бұл  жақсы дәрі деп санайды.

Источник: https://naked-science.ru/

 

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер