Мақалалар

Ресейліктер арасында «сөз бостандығының» маңыздылығы туралы пікірді қолдайтындар көбейді

20.11.2019 00:00

Сауалнама 2019 жылы 24-30 қазан аралығында жүргізілді. Оған Ресей Федерациясы бойынша 137 елді мекеннен, 50 субъектіден 18 жастан асқан 1616 қала және ауыл тұрғыны қатысты.

2019 жылы қазанда Левада орталығы құқықтардың маңыздылығы туралы сұрақтар қойды (катрточкада 17 құқық көрсетілді). Бұған дейін 2017 жылы осындай сауалнама жүргізілген болатын. Халықтың пікірінше,  ең маңызды құқықтар мыналар: «өмір, еркіндік, жеке басқа қол сұқпаушылық», «медициналық көмек» және «әділ сот ісі». Азаматтық қатысуды сипаттайтын құқықтар тізімнің соңында аталды. Олар: «бейбіт жиналыстар мен бірлестіктер бостандығы» және «қоғамдық және саяси өмірге қатысу бостандығы».

2017 жылғы сауалнамамен салыстырсақ, биыл жауаптар жиілігінің біршама өскенін байқаймыз. Бүкілресейлік деңгейде (1-суретті қараңыз) тек екі позиция жиі аталмады. Олар: «медициналық көмек құқығы» және «тегін білім алу құқығы, білім алуға теңдей қол жетімділік». Бостандыққа қатысты құқықтарды таңдау айтарлықтай артқан. Мәселен, «сөз бостандығы», «дін бостандығы, ар-ождан бостандығы», «бейбіт жиналыстар бостандығы».

 

Жауап беру жиілігінің едәуір артуы (әдістемені сақтау кезінде) күн тәртібінің өзектілігін көрсетеді. Бұл жағдайда «адам құқығы» мәселелері қоғамда жиі талқыланып жатыр. Респонденттер бұрын олар үшін маңызды болмаған құқықтарды таңдаған. Сонымен қатар, жауаптар жиілігінің әсерін азайту үшін, біз оны екі өлшем бойынша орташа жиілігі негізінде «қалыпқа келтіре» аламыз. Осы бойынша «сөз бостандығы» құқығының маңыздылығының жоғарылағанын көреміз. Адам денсаулығы мен  адамның биологиялық қажеттіліктеріне тікелей қатысы жоқ құқықтар («өмір сүру», «медициналық көмек», «әлеуметтік қорғау») қатарына «сөз бостандығы» құқығынан басқа, «әділетті сот» құқығы да кіреді.

Дереккөз: https://www.levada.ru/2019/11/20/prava-cheloveka/

 

 

Ілмектер:
Баспасөз баяндары
62
Серіктестер