Мақалалар

Сауалнама: Ресейліктердің 70 пайыздан астамы фрилансқа дайын

29.11.2019 00:00

18 жастан асқан «экономикалық белсенді» ресейліктердің 72 пайызы штаттағы жұмыстан фрилансқа ауысуға дайын. Сбербанк НПФ және «Work.ru» сервисі жүргізген сауалнама нәтижесіне сілтеме беріп РБК хабарлады.

Респонденттердің 27 пайызы мұндай шешім қабылдауым «әбден мүмкін» деп жауап берді. Сауалнамаға қатысушылардың сегіз пайызы ғана фриланс мүмкіндігін мүлде қарастырмайды. Ресейліктердің үштен бірі қосымша жұмысқа тұрған немесе толық фрилансқа өткен. Әр алтыншы адам осылайша айына 40 мың рубльден астам ақша тауып отыр.

«Қазіргі экономика жағдайында жұмыспен қамту формалары икемді бола бастады. Болжамдарға сәйкес, 10-20 жыл ішінде әлемдегі еңбекке қабілетті халықтың 60 пайызға жуығы фриланста  жұмыс істейтін болады », - деді Сбербанк ЖЗҚ Бас директоры Зарецкий.

Фрилансерлер неден қорқады:

қаржылық тұрақсыздық - 68 пайыз;

зейнетақы жарналарының аударылмауы және сол себепті зейнетке шыққанда зейнетақы алмау қаупі - 32 пайыз;

ипотека немесе тұтынушылық несие алу мүмкіндігінің болмауы - 23 пайыз;

табыстың төмендеуі - 20 пайыз;

жабдықталған жұмыс орнының болмауы - 11 пайыз.

Нені білу керек:

Ресейде фриланстың кең таралуымен байланысты билік өзін-өзі жұмыспен қамтушылар институтын енгізбекші. Қызметкерлерді жалдамайтын және жылына 2,4 миллион рубльге дейін табыс табатын кәсіпкерлер табыс салығын төлеп, өзін болашақта зейнетақысын қамтамасыз ете алады.

Әзірге мұндай тәжірибе Ресейдің төрт аймағында - Татарстан, Мәскеу, Мәскеу және Калуга облыстарында жүргізіліп жатыр. Қазан айының соңында Қаржы министрлігі 19 аймаққа кеңейту туралы ұсыныс жасады.

Дереккөз: https://snob.ru/society/bolshe-70-procentov-rossiyan-gotovy-ujti-na-frilans/

 

Баспасөз баяндары
62
Серіктестер