Сауалнамалар

Cауалнама: Жаңа Үкіметтен не күтесіз?

03.10.2012 13:24

Demoscope қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы түрлі тақырыптар бойынша азаматтар пікірін білуге мүмкіндік береді. Осы себепті де біз үшінші сауалнамада бір-біріне мүлдем ұқсамайтын бағыттардың басын қостық.

Экономика, саясат, әлеумет, мәдениет секілді түрлі тақырыптарды қамтуды мақсат етіп отырмыз. Ең бастысы, тақырып таңдау барысында біз оның өзектілігіне, қоғамдағы алар орнына баса мән береміз.

Жақында Қазақстанда үкімет ауысып, бұрынғы үкімет басшысының орынбасары, Қарағанды облысының экс-әкімі Серік Ахметов премьер-министр болды. Жаңа Министрлер кабинетінен не күтесіз?
Бұл жақсы өзгеріс деп ойлаймын, жаңа үкімет өзекті мәселелерді шешіп, экономикаға тың серпіліс әкеле алатын күшке ие.
90
Жаңа премьердің бұрын вице-премьер болғандығын ескерсек, бұл командадан жаңа дүние күту қажет емес сияқты.
49
Ештеңе өзгермейді, кейбір тұлғалалардың ауысқаны болмаса, жүйе сол қалпында қалды.
131
Бұрынғы премьер Мәсімов 6 жылға жуық ұзақ уақыт бойы отырды, сондықтан өзгерістер пісіп-жетілген болатын, қоғамның күткені де сол еді.
7
Бастаған ісін аяқтау үшін Мәсімовті қалдыру керек еді.
32
Мәселеге қатысты өз нұсқаңыз (пікір түрінде қалдыруға болады)
88
Серіктестер