Сауалнамалар

Сауалнама: Қазақстандағы әкімдер сайлауы

08.08.2013 13:31

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы "Қазақстандағы әкімдер сайлауы" бойынша Қазақстан азаматтары арасында сауалнама жүргізуде. Сауалнама нәтижелері БАҚ беттерінде жарияланады. Жауап берген азаматтардың аты-жөні көрсетілмейді.

Өзіңізге белгілі, 5-9 тамыз аралығында Қазақстанда кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілді. Барлығы 2457 әкім таңдалды.

1. Сіздің ойыңызша, әкімдерді сайлау жүйесі дәл уақтында енгізілді ме?
А. Жоқ, кенттер, ауылдық округтер өзін-өзі басқару жүйесіне әлі дайын емес. Сондықтан, әлі ерте;
20
В. Иә, әкімдерді сайлау жүйесі уақтылы енгізілді. Жүйенің әр кезең бойынша өткізілетіні бірден шешім шығаруға көмектеседі;
21
С. Мұндай жүйе бұрын енгізілуі қажет болатын;
32
D. Бұл сұрақтар мені қызықтырмайды, маған бәрібір.
6
2. Қалай ойлайсыз, жергілікті әкімдерді өз аймақтарында сайлау қаншалықты тиімді?
А. Иә, тиімді. Себебі, үміткерлер аймақ тұрғындары арасынан таңдалады. Жергілікті халықтың пікірі ескеріледі. Сонымен қата, үміткерлер сол мекеннің барлық проблемаларымен таныс деуге болады;
19
В. Жоқ, тиімсіз. Себебі, әкімдерді халық емес, мәслихат депутаттары сайлайды. Онда айқын бәсекелестік байқалмайды;
58
С. Бұл сұрақтар мені қызықтырмайды, маған бәрібір.
2
3.Сайлаудан кейін бюджет шығыны бұрынғыға қарағанда тиімдірек жұмсалатын болады деп ойлайсыз ба?
А. Иә, бөлінген қаржының қандай мақсатта жұмсалғаны тиімді болатынын жергілікті әкімдер біледі;
9
В. Жоқ, Қазақстанда аймақтық өзін-өзі басқару жүйесі әлі дамымаған. Сайланған әкімдердің бюджеттік қаражатты қадағалауға тәжірбиелері жетпейді;
25
С. Ауылдық мекендерді дамытуға көптеген қаржы бөлінеді. Басты мәселе, қаржының қайда, қалай жұмсалатындығын қадағалауда;
42
D. Бұл сұрақтар мені қызықтырмайды, маған бәрібір.
3
4. Сіздің ойыңызша, әкімдерді сайлау жүйесі жемқорлықпен күреске өз септігін тигізе алады ма?
А. Иә, тұрғындардың сайланған әкімнің қызметін бақылауға мүмкіндіктері болады;
23
В. Жоқ, керісінше, жергілікті әкімдерге бұндай мүмкіндік берілсе, таныс-тамыр, туыстық араласатын болады;
28
С. Ештеңе де өзгермейді;
21
D. Білмеймін.
7
Осы тақырыптағы өзге материалдар:
Серіктестер