Сауалнамалар

Қазақстандықтардың Иосиф Сталинге көзқарасы

13.03.2018 08:55

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстандықтардың Иосиф Сталинге көзқарасы» тақырыбында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы және Қазақстанның өзге 14 облыс орталығынан  16 жастан асқан 1862 адам қатысты. Олардың  68%-ы әйелдер және 32%-ы ер азаматтар. Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 0,6%-дан аспайды.

Зерттеу әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат. Сауалнама 2018 жылы 8-11 наурыз аралығында жүргізілді.

 

Иосиф Сталинге деген көзқарасыңыз қандай?
Тамсана қараймын. Сталин – ХХ ғасырдағы ұлы саяси қайраткер, мемлекетті мінсіз басқарудың символы
130
Жақсы. Оның басқарушылық қабілетінің арқасында КСРО ірі мемлекетке айналды
690
Бейтарап. Болған нәрсе болды. Тарих беттерінде қалды, біздің қазіргі өмірімізге ешқандай әсері жоқ.
729
Жағымсыз. Сталин қазақ интеллигенциясын қуғын-сүргінге ұшыратты. «Алаш» партиясын түптұқиянымен жойып жіберді
130
Өте жағымсыз. Сталин – қатігез билеуші. Оның реформалары, жаппай қуғын-сүргін, халықтарды қоныс аударту шараларының кесірлерінен миллиондағын халық қырылып қалды.
183
Сіздіңше, Сталиннің сіңірген еңбегінің ішінде негізгісі қайсы?
КСРО-ны әлемдік масштабтағы әскери индустриялы державаға айналдырды
262
Ұлы Отан соғысындағы жеңіс
969
Ол билік еткен тұста бастауыш білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы жүйесі секілді тегін әлеуметтік институттар қалыптасты
631
Сіздің ойыңызша, Иосиф Сталин билік еткен тұстағы ең жантүршігерлік кезең қайсы:
Күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру 1932-33 жылдардағы қасіретті «Ұлы жұтқа» алып келді
620
1937—1938 жылдардағы сталиндік жаппай қуғын-сүргін мен саяси қудалау кезеңіндегі ұлтқа жасаған қастандығы
617
КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін, халықтарды жаппай қоныс аударту
625
«Сталинизмнен» келер ұрпақ қандай ой түйіп, сабақ алуы тиіс деп ойлайсыз?
Бір адамның шексіз билігі жеке тұлға еркіндігінің жойылуына алып келеді
158
Тек орталықтандырылған мықты билік қана халықты табысты басқара алады және ауқымды реформаларды жүзеге асыра алады
248
Біздің ел үшін Сталин билік еткен заманның жақсы да, жаман да жақтары болды. Біз мұндай қателіктерге жол бермеу үшін, өткен күннің сабақтарын есте сақтауымыз керек
1456
«Сталин өлімі» фильмін көрген болсаңыз, сізге ұнады ма?
Иә
190
Жоқ
250
Көрген жоқпын
1422
Ілмектер:
Серіктестер