MediaNet халықаралық журналистика орталығының жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы
Жоба өзекті тақырыптар бойынша тез арада Қазақстан азаматтарының пікірін анықтауға арналған.
Demoscope классикалық мағынасында әлеуметтік институт болып есептелмейді. Күрделі коннотациялар мен әлеуметтік портреттерді талдауға тырыспайды.
Біздің мақсатымыз – экспресс-режимде қоғамның қандай да бір мәселеге байланысты ой-пікірін анықтау.
Біз ұсынған сұрақтар өте қарапайым. Ол да жоба жұмысының нәтижелігіне қосымша кепілдік береді. Біз респондент жауап беруге қиналмас үшін, аз жауаптардан тұратын қарапайым сұрақтар қоямыз.
Сауалнамалар 7-15 күн аралығында телефон (Қазақстан Республикасының ірі елді мекендерін қамтиды) және Интернет арқылы жүргізіледі.
Сауалнама қорытындысы қорытынды баяндама мен инфографика түрінде demos.kz сайтында жарияланады. БАҚ редакцияларына келесі күні жолданады.Жоба Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігі қолдауымен жүзеге асыралады.