DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстанның өзге елдермен ынтымақтастығы» тақырыбында сауалнама жүргізуде. Сауалнама нәтижесі БАҚ-та жарияланады. Жауап берген азаматтардың аты-жөні көрсетілмейді. Сіздердің барлық жауаптарыңыз құпия түрде сақталады. Сондықтан, Сіздерден шынайы жауап күтеміз.
Соңғы халықаралық есептерден әлемдік қауымдастықтың Қазақстанды маңызды экономикалық әрі саяси серіктес ретінде мойындағанын байқауға болады. Халықаралық экономикалық интеграциялық ынтымақтастықтарға (ЕАЭО, КО және т.б.) мүше елдерден бөлек, Қазақстанмен экономикалық, саяси, мәдени серіктес болуға ниетті мемлекеттер көп.