Азаматтар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықты көбірек ақпараттандырып және жемқорлықпен күресу керек деп ойлайды
2024 жылғы 6-10 ақпан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониториң бюросы халық арасында «Қазақстанның төтенше жағдайға дайындығы» деген тақырыпта сауалнама жүргізді. Бұл жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен және PAPERLAB зерттеу орталығымен бірлесіп жүргізіп отыр.
Кез келген Төтенше жағдай кезіндегі маңызды көрсеткіш – биліктің дайындығы, сондай-ақ жылдам әрекет ету мен тұрғындарды дер кезінде ақпараттандыру. DEMOSCOPE саулнамасы кезінде 39,6% азаматтар шенеуніктердің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Олардың 18%-і билік өзіне жүктелген тапсырманы өте нашар орындап отырғанына сенімді. Айта кету керек сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі (32,9%) биліктің ТЖ-ға дайындығына көңілі толады. Тағы 19%-і мемлекеттік жүйенің дайындығы жоғары деңгейде деп ойлайды.
Сонымен қатар қазақстандықтар ТЖ кезінде тұрғындарды ақпараттандыру сапасына күмәнмен қарайды. Азаматтардың 30,3%-і ақпарат қолжетімсіз немесе жылдам ақпарат берілмейді деп санайды, ал 28,6%-і – аса қолжетімсіз және жеткілікті дәрежеде жылдам таратылмайды дейді; 25,6%-і – қолжетімді және жылдам таратылады деп ойласа, тек 9,3%-і ТЖ кезіндегі ақпарат тарату жүйесін өте жоғары бағалаған.
Сауалнама нәтижесіне қарасақ, қоғам мемлекеттің ТЖ-ға алдын ала дайындалып және халықпен бірге жаттығу жүргізу керек екенін көреміз. Азаматтардың көбі халықты барынша көп ақпараттандыру және жиі оқу-жаттуғы жүргізу ТЖ кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең тиімді тәсілі деп ойлайды (52,5%).
Сондай-ақ қазақстандықтар жемқорлық пен салғырттық үшін жауапкершілікті арттыру да маңызды деп санайды (47,6%). Оған қоса сауалнамаға жауап берушілер заманауи байланыс және ақпараттандыру жүйесін жасау (35,2%), арнайы қызметтің дайындығы мен халық жиналатын орындарды жабдықтау (29,6%), инфрақұрылымдық, әлеуметтік және тұрғын үй нысандарына мемлекеттік мониториңнің күшеюі (26,8%) керек екенін жеткізген. (Бұл сауалнамада бірнеше жауап нұсқасын белгілеуге мүмкіндік берілген).
DEMOSCOPE сауалнамасы, азаматтардың ойынша, ТЖ кезінде тұрғындардың қауіпсіздігіне кім жауапты екенін де көрсетті. Жауап берушілердің 20,7%-і ең алдымен жергілікті билік пен арнайы қызметтер жауапты деп санайды, 12,6% – президент және үкімет; 13,4% – азаматтардың өзі деп ойлайды. Жауап бергендердің жартысынан көбі (50,5%) бұған жоғарыдағылардың бәрі бірдей жауапты деген нұсқаны таңдаған.
DEMOSCOPE зерттеуі болуы мүмкін ТЖ кезінде халықтың қорқынышын бағамдауға мүмкіндік берді. Қазақстандықтардың жартысынан көбі (51,3%) Қазақстанда төтенше жағдай болуына алаңдайтыны белгілі болды. Ал жауап бергендердің 17,1%-і алаңдамайтын сияқтымын деп айтса, 26,7%-і Қазақстандағы төтенше жағдайға мүлде алаңдамайтынын жеткізген. Төтенше жағдайдың болу мүмкіндігі алдында көбіне әйелдер (55%) және 50 жастан асқан адамдар (58%) қорқады.
Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандар қандай төтенше жағдайдан қорқатынын айтты. Біз күткендей, қазақстандықтардың басым бөлігі жер сілкінісінен қорқатыны белгілі болды (41,3%). Жер сілкінісінен ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары қорқады екен (36% және 46%). Ары қарай көптен азға қарай тізім: эпидемия және пандемия (31,2%); террорлық шабуыл және әскери қақтығыс (27,8%); су тасқыны және су басу (25,4%); өрт (21,4%); құрғақшылық (19,1%); қарлы боран мен дауыл (12,7%) және әртүрлі техногенді апаттар (10,2%). Тағы 15%-і ештеңеге алаңдамайтынын айтқан. (Бұл сауалнамада бірнеше жауап нұсқасын таңдауға мүмкіндік берілген).
Сауалнама қорытындысы бойынша қазақстандықтардың едәуір бөлігі (38,3%) соңғы 3 жылда түрлі төтенше жағдайлармен бетпе-бет келуіне байланысты алаңдаушылық жоғары деңгейде болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлардың жоғары қаупі жағдайында азаматтардың дайындық дәрежесі өте маңызды. Сауалнама нәтижесі сақтық оптимизмін тудырады. Осылайша қазақстандықтардың 65,4%-і ТЖ кезінде әрекет етуге дайын екеніне сенімді. Оның 41,8%-і жартылай дайын, ал 23,6%-і толық дайын екеніне күмәні жоқ. Азаматтардың үштен бір бөлігі (30,2%), керісінше, ТЖ-ға мүлдем дайын емес.
DEMOSCOPE зерттеуінің нәтижесі билік тарапынан, әсіресе ықтимал төтенше жағдайларға дайындықты арттыру және халықты ақпараттандыру саласында кешенді және алдын алу шараларын қабылдау қажеттігін тағы да көрсетеді. Қоғам алдын алу жүйесін жетілдіруді және азаматтарды оқу-жаттығуларға белсенді тартуды және ТЖ-ға дайындықты талап етеді. Халықаралық тәжірибені, атап айтқанда Жапонияны белсенді зерттеу бізге аса пайдалы болмақ.
Қазақ және орыс тіліндегі баспасөз-релизі мен ақпараттық графика мына сілтемеде тұр. Материалды қолданғанда DEMOSCOPE сайтына гипперсілтеме қою міндеттеледі.
Әдістеме: 2024 жылғы 6-10 ақпан аралығында 17 облыстағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы (Астана, Алматы, Шымкент) 1100 адамға сауалнама жүргізілді. Сауалнама Қазақстанның ұялы байланыс абоненттері арасында телефонмен сұхбат жүргізу арқылы өтті. Қатысушыларды іріктеу телефон нөмірі базасынан кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жасалды. Телефон арқылы сауалнаманы «КТ CloudLab» ЖШС байланыс орталығы жүзеге асырды. Сауалнамаға 47,4% ер және 18 жастан асқан әйелдердің 52,6%-і қатысты. 60,2%-і қазақ тілінде, 39,8%-і орыс тілінде жауап беруді жөн көрді. Респонденттердің 72,8% – қазақтар, 14,1% – орыстар және 13,1% – басқа ұлт өкілдері. Респонденттердің 67,1%-і қалада, 32,9%-і ауылдық жерде тұрады. Деректер респонденттердің жынысы мен жасы сияқты параметрлер бойынша сарапталған. 95% ықтималдығы бар қатенің максималды мөлшері 3%-тен аспайды. Респонденттердің қол жетімділік деңгейі (response rate) 21%-ті құрады.
Сауалнаманы «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ Конрад Аденауэр атындағық қордың қолдауымен жүзеге асырды. Сауалнама деректері респонденттердің көзқарасын білдіреді. Қосымша ақпаратты жоба менеджері Снежана Цойдан алуға болады: snezhana.tsoy@medianet.ngo.