Қазақ пен қырғыз бір туған ба?!

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдемесіне байланысты «Қазақ пен қырғыз бір туған ба?!» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан 1822 адам қатысты. Сауалнама нәтижесі жауап берген азаматтардың аты-жөнісіз жарияланады.

Сіздің жасыңыз

60-69
378 ( 20.75% )
50-59
351 ( 19.26% )
30-39
325 ( 17.84% )
40-49
262 ( 14.38% )
70 және одан жоғары
253 ( 13.89% )
16-29
253 ( 13.89% )

Сіздің жынысыңыз

Әйел
1,271 ( 69.76% )
Ер
551 ( 30.24% )

Алмазбек Атамбаевтың Президент сайлауы алдындағы Қазақстандағы өмір, қазақстандық олигархтар мен элита жайлы айтқан мәлімдемесінен кейін Қырғызстан азаматтарына деген көзқарасыңыз өзгерді ме?

Жоқ, өзгерген жоқ. Қырғыз халқы бұрынғыдай біздің бауырымыз
1,522 ( 83.53% )
Жоқ, өзгерген жоқ. Қырғыздарды ешқашан бауырлас ел деп қабылдаған емеспін
186 ( 10.21% )
Нашарлады
59 ( 3.24% )
Жақсарды
55 ( 3.02% )

Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесін қалай бағалайсыз?

Атамбаев өзге ел жайлы дәл осылай айтуға құқылы емес деп санаймын. Бұл мемлекет басшысының деңгейіне жат әрекет.
1,115 ( 61.20% )
Осындай мәлімдемеге негіз бола алатындай Қазақстанның Қырғызстанға ықпалы күшті деп ойламаймын
470 ( 25.80% )
Атамбаев дұрыс айтады, барлығын қаз қалпында жеткізді
237 ( 13.01% )

Мәлімдемеден кейін болған оқиғаларға көзқарасыңыз қалай? Мысалы, шекараның Қазақстан жағындағы бақылаудың күшеюі, қырғызстандық сүт өнімдері мен жеміс-жидектерді елге кіргізбеу.

Меніңше, жауапсыз қалдырғанымыз абзал еді. Әсіресе, дәл осылайша жауап бермеуге болар еді
857 ( 47.04% )
Өкінішті, мен қырғызстандық сүт өнімдерін тұтынатын едім. Олар арзан әрі отандық өнімдерден сапалырақ
495 ( 27.17% )
Өте дұрыс жасалған шаралар. Қырғыздар кінәлі екенін сезінулері керек
470 ( 25.80% )

Енді екі ел арасындағы қарым-қатынас қалай өрбиді? Сіздің болжамыңыз:

Ара қатынастың нашарлағаны сөзсіз, бірақ жақын арада барлығы өз қалпына келеді
865 ( 47.48% )
Бәрібір де достығымыз сақталады
736 ( 40.40% )
Меніңше, екі ел арасына түскен сызат біразға дейін жалғасады
164 ( 9.00% )
Бұл ұзаққа созылады
57 ( 3.13% )

Азаптаудың басты себебі – кінәлілердің жазаланбауы

Қазақстанда гендерлік теңдік бар ма?