DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстанда болған аномальді суық күндер. Коммуналды қызмет жұмысын бағалау» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға Астана, Алматы және Қазақстанның өзге 14 облыс орталығынан 16 жастан асқан 1848 адам қатысты. Олардың 71%-ы әйелдер және 29%-ы ер азаматтар. Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 1,22%-дан аспайды.
Зерттеу әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат. Сауалнама 2018 жылы 13-19 ақпан аралығында жүргізілді.