2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда латын алфавитінің қазақ тіліне бейімделген жобасы дайындалады. 2018 жылдан бастап жаңа латын алфавитін оқытатын мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтар дайындала бастайды. Ал, іс-жүргізу, мерзімді басылымдар, оқулықтар мен басқаларды латын әрпіне көшіру 2025 жылға жоспарланған. Жаңа алфавитке көшіп жатқан уақытта кириллица қатар қолданылады.
DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі» тақырыбында сауалнама жүргізуде. Сауалнама қорытындысы БАҚ-та жарияланады.
Жауап берген азаматтардың аты-жөні көрсетілмейді.