MediaNet халықаралық журналистика орталығы мен Demoscope жобасының мәлімдемесі

Құрметті әріптестер! Бүгін, 2022 жылы 7 сәуірде, Demos.kz сайтында техникалық ақауларға байланысты бірнеше сауалнама нәтижесі сайттан өшіп қалды. Бұл “Ресей әскерінің Украинаға басып кіруі” тақырыбында сауалнама қорытындысын жариялағаннан кейін болды.  Қазір ақаудың себебін  шұғыл анықтап жатырмыз.  Сонымен қатар жоғалып кеткен материалдарды қайта қалпына келтіруге кірістік. 

Бізге “ресурсқа не болды, материалдар қашан қайта шығады?” деген сауалдар келіп жатқандықтан, әзерше сайттың ескі нұсқасын қолдануды ұсынамыз: https://demos.kz/old/kaz/index.php?list=1&page=

Осыған дейінгі зерттеулер сайтта жарияланған. 

“Ресей әскерінің Украинаға басып кіруі”  тақырыбындағы сауалнама нәтижесін қалпына келтірдік, сайттан көрсеңіз болады. 

Қазақ тілінде: https://demos.kz/saualnama-aza-standy-tardy-basym-b-ligi-resej-propagandasyny-zhetegine-erip-barady/?lang=kz

Орыс тілінде:

https://demos.kz/opros-znachitelnaja-chast-kazahstancev-podverzhena-vlijaniju-rossijskoj-propagandy/

Сайт жөнделген соң, ресурстағы материалдардың барлығы қалпына келгенде, міндетті түрде хабар береміз. 

Құрметпен, MediaNet халықаралық журналистика орталығы

Сауалнама: Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей пропагандасының жетегіне еріп барады

Ресейдің Украинаға басып кіруі