23% сауалнама қатысушысы коронавирусқа қарсы вакцинаға қарсы
DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы вакцинаға көзқарасы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Оған 2021 жылы 27-30 сәуір аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) тұратын, 18 жастан асқан 1100 адам қатысты.Қатысушылардың 53% -ы ер азаматтар, 47% -ы әйелдер. Зерттеуде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмерлерінің абоненттік қоры пайдаланылды. Іріктеу ықтималдығы 95%, статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 3%-дан аспайды.
Сарапшылар Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу қарқыны төмен дейді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1,5 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және 350 мың адам екінші компонентін алды. Бұл –
вакцина салуға болатын халықтың 15%-ы.
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин: «Вакциналаудың осы қарқынын төмендетпей, оны тек өсіру керек. Ауыл тұрғындарына вакцина салуға ерекше назар аудару керек», -деді. Халық вакцинаның қауіпсіздігі мен сапасына көз жеткізсе, екпе салдыратын адам саны да артар еді. Себебі, вакцинация қарқынына едәуір әсер ететін негізгі фактор – халық сенімі.
DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама деректеріне сәйкес, пандемия басталғалы бері 34% азаматтың вакцинацияға көзқарасы жақсарған. 30% респондент иммунизацияны әрдайым қолдайтынын айтты. Барлығын қосқанда, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды.
Сонымен қатар, 23% респондент вакцинацияға қарсы. Олардың 9%-ы пандемия басталғалы бері ойын өзгертті, ал 14%-ы жалпы екпе салдыруға қарсы. Соңғы сауалнама қорытындысы мен 2020 жылы қарашада жүргізген сауалнама деректерін салыстырып көрдік. Ол кезде азаматтардың 14%-ы «орайы келсе, бірден екпе жасатамын» деп жауап берген болатын. Ал, 33% барлық сынақтан өткен соң ғана вакцинаны жасатуды жоспарлаған болатын.
Вакцинаның қауіпсіздігін дәлелдейтін ғылыми деректер, сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцина салдырған жора-жолдастарының пікірі адамдардың вакцина туралы ойын жақсартқан тәрізді.
Сауалнама қорытындысыны сүйенсек, қазақстандықтардың басым көпшілігі вакцинацияны қолдайды. Коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы екпе жасату деп есептейтін респондент –59%. 23% бейтарап пікірде, вакцинация жағдайды түбегейлі өзгертпейді дейді олар. Ал 12% вакцинация жағдайды ушықтырып жібереді ме деп алаңдайды.
Қазақстандықтардың вакцинацияға көзқарасы халықтың иммунизация қарқынына тікелей байланысты. DEMOSCOPE бюросы дерегінше, жалпы алғанда 40% респондент ковидке қарсы вакцина жасатқан (14%) немесе жақын арада жасатпақшы (26%). 21% нәтижелігі дәлелгенден соң, жасатуы мүмкін. Қатысушылардың үштен бірі (32%) вакцинаны мүлде жасатпайды.
Осы жауап нұсқасын таңған респондентерден не себепті бас тартқанын сұрадық. 14% азаматтың денсаулығына байланысты вакцина салдыруға болмайды. 4% салдары ауыр бола ма деп қорқады. 4% вирустан қорғайтынына сенбейді және вирус та, вакцина да ойдан шығарылған деп ойлайды. 3% бұған дейін коронавируспен ауырдым деп жауап берді.
Қазіргі таңда қазақстандықтар Спутник-V, QazVaс, Hayat-Vaх секілді үш вакцина арасынан таңдай алады. Екпе түрін таңдауға және вакцинация қарқынына ақпарат кеңістігі де ықпал ететіні ақиқат. Ресейден шығатын вакцина туралы ақпараттың көптігі де вакцина айналасындағы ақпараттық соғыс секілді азаматтардың таңдауына өз үлесін қосады.
DEMOSCOPE сауалнамасы барысында әртүрлі елдерде өндірілген түрлі вакциналарға «сенім рейтингі» жасалды. Рейтингте ресейлік «Спутник-V» көш бастайды. 62% қазақстандық вакцинаның дәл осы түрін ең сапалы деп санайды. Екінші орында –
Отандық вакцина «QazCovid-in» 12%. 2% дауыс жинаған «AstraZeneca», «Pfizer» , 1% жинаған Sinovac қазақстандықтар арасында сұранысқа ие емес.
Отандық вакцинаның аз дауыс жинауының себебі ендірудің бастапқы кезеңінде болғаны және үкіметтің коммуникациялық стратегиясындағы кемшіліктер болуы мүмкін.
Қатысушылардан «Қай ел шығарған вакцинаны қауіпсіз деп санайсыз?» деген сұрақ қойылды. Антирейтингте бірінші орында –Sinovac Biotech, 11%. 8% қатысушы AstraZeneca-ға сенбейді. 6% Pfizer-ге, и 5% отандық QazCovid-in-ге сенбейді. 66% респондент бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.
Молекулярлық биолог және вирусолог, ғылымды дәріптеуші, PhD Әсел Мұсабекова иммунизация қарқынын көтеру үшін вакцина туралы ақпарат көп болу керек және ғылыми деректерге негізделген анық коммуникация болуы шарт. Сарапшының ойынша, кез келген мәселені шешу үшін оның айғағы болуы керек.
DEMOSCOPE зерттеуі көрсеткендей, ең алдымен, азаматтардың вакцина туралы дәлелді ақпаратқа қанық болуы және ақпараттық саясаттың нәтижесі қоғамның коронавирусқа қарсы вакцинаға деген көзқарасынан көрініс табады.
Сауалнаманы «КТ Cloud Lab» байланыс орталығы телефонмен жүргізді.
______________________________________________________________________
Материалды пайдаланғанда гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық
құқықты сақтаңыз. Жобаны MediaNet халықаралық журналистика орталығы Конрад
Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігі қолдауымен жүзеге
асырады. Сауалнама нәтижесі респонденттердің ғана көзқарасын білдіреді.
Қосымша ақпаратты жоба менеджері Снежана Цойдан ала аласыз:
snezhana.tsoy@medianet.kz.