Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл, зейнетақы жинақтарының артық бөлігін пайдалануға мүмкіндік және Иманбек Зейкеновтың “Грэмми” музыкалық марапатын алуы − биылғы жылдың ең позитив оқиғалары осындай.
DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында “2021 жылдағы ең маңызды оқиғалар” тақырыбында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде халықтың есінде қалған, оларға маңызды болған ең жағымды және ең жағымсыз оқиғалардың рейтиңі жасалды, сонымен қатар қазақстандықтар жаңа жылда не күтетіндерін бөлісті.
Сонымен, 2021 жылдағы ең маңызды оқиғалар:
Респонденттердің үштен бірі (31%) қазақстандықтардың өміріне барынша әсер еткен ұзаққа созылған коронавирус пандемиясын жылдың ең негізгі оқиғасы деп атады.
Ал, екінші маңызды оқиға да біріншімен тікелей байланысты. Ол − халыққа жаппай вакцина салу. Бұл нұсқаны сауалнама қатысушыларының 20%-і таңдады. Вакцинация біреу үшін жағымды оқиға болса, біреу үшін жағымсыз оқиға болды. Осылайша, бірауыздан 2021 жылдың тренді COVID-19 деп жариялауға болады.
Бір қызығы, DEMOSCOPE деректері ВЦИОМ Ресейде жүргізген сауалнама қорытындысымен ұқсас. Аталған сауалнама қорытындысына сәйкес, ресейліктер де коронавирус пандемиясы (39%) және коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны (35%) 2021 жылғы ең негізгі халықаралық оқиға деп атаған.
2021 жылғы маңызды оқиғалардың үштігі Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуымен аяқталды. Бұл айтулы дата азаматтардың 19%-і үшін өте маңызды екен.
Ары қарай:
- Зейнетақы жинақтарының артық бөлігін пайдалануға мүмкіндік — 7%;
- Атомэлектрстанциясын салу туралы шешім — 4%;
- Халық санағы — 3%;
- Ауғанстан билігіне тәліптердің келуі — 3%;
- Токиода өткен жазғы олимпиада — 2%.
Сауалнамада респонденттер таңдамаған нұсқалар:
- ҚР Мәжіліс депутаттарын сайлау
- eGov порталын Сбербанк платформасына көшіру туралы жоспар
Азаматтар бұл оқиғаларды онша маңызы жоқ деп санайды.
Сауалнама барысында қазақстандықтар жағымды және жағымсыз оқиғаларды да таңдады.
Жағымсыз оқиғалар рейтиңі:
- Карантин шектеулерінің ұзаққа созылуы — 23%;
- Дельта, омикрон секілді коронавирустың жаңа штаммдарының пайда болуы — 17%;
- Үш баласын лақтырып, артыннан өзі секірген әйелдің оқиғасы — 15%;
- Вакцинацияның қажеттілігі — 8%
- Таразда қару-жарақ қоймасындағы жарылыс — 8%;
- Зейнеткақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешім — 7%;
- Батыс Қазақстандағы қуаңшылық пен малдардың қырылуы — 7%;
- Атомэлектрстанциясын салу туралы шешім — 6%;
2021 жылғы ең жақсы оқиғалар рейтиңі:
- Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толды — 20%;
- Елімізде орташа жалақының көбеюі —17%;
- Зейнетақы жинағының артық бөлігін пайдалануға мүмкіндік —15%;
- Вакцина алу мүмкіндігі — 11%;
- Иманбек Зейкеновтың “Грэмми” музыкалық марапатын алуы — 9%;
- Атомэлектрстанциясын салу туралы шешім — 7%;
- Футболдан Еуропа чемпионаты — 5%;
Сауалнама барысында респондентерге 2021 жылы жалпы жағдайы (өмір сапасы) қалай өзгергені туралы сұрақ қойылды. DEMOSCOPE деректеріне сәйкес, 45% қазақстандықтардың жағдайы өзгермеген. Екеін қоса алғанда 33% азамат “жағдайым нашарлады” (17%) және “әжептеуір нашарлады” (16%) деп жауап берді. Сауалнама қатысушыларының 22%-і жағдайым “әжептеуір жақсарды” және “жақсарды” деген жауапты таңдады.
Қазақстандықтардың 38%-і “2021 жыл да былтырғыдай болды” дейді. 37% үшін “2021 жыл алдыңғы жылдан қиынырақ болған” екен. Ал 25% қатысушы “2021 жыл алдыңғы жылдан қарағанда сәтті болды” деген жауапты таңдады.
Қазақстандықтардың көпшілігінің (57%) келер жылдан үміті көп және 2022 жыл 2021 жылға қарағанда жақсырақ болады деп сенеді. 25% “2022 жыл да 2021 жыл сияқты болады” десе, 18% қатысушы жақсы өзгерістердің боларына аса сенбейді, олар
2022 жылы 2021 жылға қарағанда қиынырақ болады деді.
DEMOSCOPE сауалнама қорытындысына сүйенсек, қазақстандықтарға коронавирус та, онымен байланысты болған шектеулер де кері әсер еткен екен.
Қазақша және орысша пресс-релиз бен инфографиканы келесі сілтемеден жүктеп алуға болады: https://drive.google.com/drive/folders/1GORQNgr_5Rhzmk292Kl9F0GpG8qnh_Q9?usp=sharing
Материалды пайдаланғанда гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.
______________________________________________________________________
Әдістеме: 2021 жылы 15-23 желтоқсан аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) тұратын 18 жастан асқан 1100 адам қатысты. Қатысушылардың 53%-ы еркек, 47%-ы әйел. Зерттеуде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмерлерінің абоненттік қоры пайдаланылды. Іріктеу ықтималдығы 95%, статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 3%-дан аспайды. Сауалнаманы «КТ Cloud Lab» байланыс орталығы телефонмен жүргізді.
Жобаны MediaNet халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы Қордың қолдауымен жүзеге асырады. Сауалнама нәтижесі респонденттердің ғана көзқарасын білдіреді.Қосымша ақпаратты жоба менеджері Снежана Цойдан ала аласыз: snezhana.tsoy@medianet.kz.